13-14.02.2020 ж. "Білім беруді жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілдерінің қолданылуы" атты ұстаздарға Lesson Study өткізілді. Өткізген ұстазда: Құсайынова А., жақсымбекова А., Жексенбина А. Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарылатуда, бірлесіп оқушыларды жан-жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл туралы білуге, тәжірибе алмасуға бағыттайды.
Күтілетін нәтижесі: Lesson Study тәсілімен танысады, Lesson Study тәсілі арқылы мұғалімдер мен оқушыларға оқу мен оқу сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтармен танысады, өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады.
Еліміздің Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы, яғни мейірімді істер мен қоршаған адамдарға көмек көрсету жылы деп жариялады. Және де ағымдағы жыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. №65 мектеп ұжымы Волонтер жылы және ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай #Бізбірдейміз хэштегімен бөлісіп, ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушыларды қолдау , көмек көрсету челленджін таратуды сұрайды.

2020 жылдың 12 ақпанында №65 мектеп- гимназиясында «QUIZ GAME» атты сайыс мектебіміздің онжылдығы аясында мектеп түлектерінің және ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінен сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты: Стандартты емес формалар арқылы ағылшын тілін танымал ету, оқушылардың интелектуалдық қабілетін дамыту, Ұлы Абай мұрасына және оқып жатқан тілге деген құрмет сезімін ояту.

Сайыс 6 турдан және марапаттау кезеңінен тұрды.

Сайысқа жалпы білім беретін мекемелердің №80МГ, №35МГ, №18МГ мектептері шақырылды. Іс-шараға 9-11-сынып оқушылары қатысып, 5 команда кезеңдер бойынша жарысты. Бас жүлде №65 мектеп-гимназиясы, 1-орын-№18 МЛ, 2-орын-№35 МЛ, 3-орын-80МГ иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебіміздің жас мамандарының ұйымдастыруымен "Ғасыр ақыны" қазақтың ақиығы, Тәңіртаудың Хантәңірі шыңынан түлеп ұшқан мұзбалдақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 89 жыл толуына орай "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін..." атты әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби-сазды кештің қадірлі қонақтары ақын, жазушы, сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нұрмақан Жанұзақұлы, компазитор Ахмедия Есмұқанұлы, "Мұқағали" журналының өкілі, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының қызыметкері, Мәдениет министрлігі Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту республикалық білім беру орталығының директоры Тілепбердиев Ерғожа ағаларымыз оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы естеліктерін айтып, жалынды жырларын оқыды.
Благовещенка жалпы орта білім беру мектебінде 12 ақпан "Сүйіспеншілік- өмір негізі" атты 1-11 сыныптар арасында біріңғай сынып сағаты өтті. Даярлық сыныптар мен шағын орталық бүлдіршіндері де тәрбие сағатын өткізді.
2020 жылдың 13 ақпанында Ұлттық экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан халықты қорғау мақсатында колледжде 1-2 курс студенттері Нұр-сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерімен кездесті.
2020 жылдың 12 ақпанында "Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі" КММ-де «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты 8- 9-10-11 сынып және жас мұғалімдер арасында волейболдан мектепішілік жарыс өтті
Мақсаты: Денсаулықты нығайту. Қозғалыс тірегін және тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру. Волейбол ойынының қыр-сырын меңгерту.
12.02.2020 күні барлық сыныптарда "СҮЙІСПЕНШІЛІК-ӨМІР НЕГІЗІ" атты Республикалық бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатында Отанға, туған жерге, отбасына, оқу орнына т.б деген махаббат, сүйіспеншілік, ұлттар достығы мен қоғамға қызмет ету туралы айтылды. Оқушылар да шығармашылықпен жұмыс жасап, топтық, жұптық, жекелей жұмыс жасай отырып пікір алмаса отырып, кері байланыс жасады. Білім жаңғырту орталығынан әдіскер Н.Әзимбай тәрбие сағаттарына қатысты.