7 ақпан күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында "Ұлы дала-ұрпағы" атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған ІҮ Республикалық байқауының қалалық кезеңінде өнер көрсеткен 38 мектеп-лицейдің 7ә, 7в, 7ғ сынып оқушылары жүлделі ІІ орын алды. Құттықтаймыз! 👏 Жетекшілері: ДТІЖО А.А.Сагитова, М.А.Курмангалиева, қазақ тілі пән мұғалімі М.Б.Ахметова, театр жетекшісі А.Шарипова
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, оның ведомстволары және аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Өзін-өзі тану;Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы атты онкүндік
"ӨНЕРІМ МЕНІҢ - ӨМІРІМ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ<br />Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде күй өнерінен алдына жан салмай жүрген талантты оқушымыз Рахимова Әмина өзінің кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеп келді. Алматы қаласында өткен "Самға" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған "Өнерім менің - өмірім" атты Республикалық ән-би, жыр-күй байқауында аспапта ойнау номинациясы бойынша дарынымен дараланып, өнерімен ерекшеленген Рахимова Әмина І ОРЫН ЛАУРЕАТЫ атанып келді. Бойыңды шымырлатып, рухыңды көтерер Әминаның орындауындағы М.Әубәкіровтің "Талас" күйі тыңдарманының көңілінен шыққаны сөзсіз. "Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы" демекші, Әминаның осы деңгейге жетуіне тер төккен, кішкентайынан баптаған жетекшісі Роза Қалыпбайқызының еңбегі орасан. Олай болса, осы жеңістерімен ұстазды да, шәкіртті де шын жүректен құттықтаймыз!
<img src="12%20%D0%B0%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%20%20#37%20%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF-%D0%BB%D0%B8%D1%86%D0%B5%D0%B9%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3%201" alt="" />12 ақпанда #37 мектеп-лицейінің 1"в" және 4"д" сынып оқушыларымен "Сүйіспеншілік- өмір негізі " атты тақырыбында сынып сағаты өтті.<br />Басты мақсат кішкентай бүлдіршіндердің бойына сүйіспеншілікті, мейірімділік пен адамгершілікті сіңіру. Балалар өз ойларымен бөлісіп, ыстық ықыластарын, жылы лебіздерін бір-біріне,ата-аналарына, ұстаздарға,туған жеріне, жалпы барша әлемге арнады.<br />Әр күніміз жақсылық істеумен бірге сүйіспеншілікке, мейірімділікке толы болсын!