Көңілді олимпиада

«Өзін-өзі тану» пәнінің республикалық онкүндік аясында 4-11 ақпан аралығында №21 ОМ-де 5-11 сыныптарымен спорттық жарыстар өтті. 5 сыныптарда-«Көңілді мәре», 6-7 сыныптарда-«Спартакиада», 8-11 сыныптарда мектеп біріншілігіне волейболдан жарыс өтті. Сонымен бірге интелектуалдық ойындаран мектеп біріншілігіне шахмат ойыны ұйымдастырылды. Осы іс-шараларды дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жүргізді. Іс-шаралар өте көңілді болды. Оқушылар белсене қатысты.

«Өзін-өзі тану» кураторы-Темирова Л. С.

2020 жылғы 3-13 ақпан аралығында Өзін- өзі тану: "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты мектепішілік өзін-өзі тану пәнінен онкүндік өтілуде. 7 ақпан күні 9 сыныптар арасында "Руханилықтың мөлдір бұлағы" атты тақырыпта эссе жазу байқауы өткізілді. 10 ақпан күні "Алтын жүрек анамыз" атты мәнерлеп оқу сайысы 5 сыныптар арасында өткізілді. Мәнерлеп оқу сайысында оқушылар жүлделі орындармен мараппатталды. Ана, мейірім, бейбітшілік тақырыптарында оқушылар арасында көрме ұйымдастырылды.

2020 жылдың 7 ақпанында М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Ұлы дала ұрпағы» атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған ІУ Республикалық байқаудың қалалық кезеңі өтті.

КММ Лавровка орта мектебінің оқушылары «Қазақстан - мейірімділік аймағы» атты акциясына қатысты. Бұл акция аясында оқушылар құстарға арналған ұя жасады.

3 ақпаннан 12 ақпанға дейін «Өзін-өзі тану» пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өнегелі – рухани білім он күндігі өтті.

17.02.2020
"Жайдарман»
Жоғарғы сынып оқушылары арасында көңілді жайдарман ойындары жүргізілді.Үш турдан тұратын ойында оқушылар белсенділік танытып ,өз өнерлерін ортаға салды.Сәлемдесу ,жанбату,үй тапсырмасы кезеңдері бойынша өз дайындықтарын көрсетіп,көрермендерге жарқын күлкі сыйлады.Сайыс қорытындысы бойынша 3-орын 10-сынып ,2-орын 6-сынып ,1-орын 8-сынып, «Бас жүлде» 5-сынып оқушылары иеленді.