Бүгін мектебімізде 8 сынып оқушыларының арасында инженерлік ойын ұйымдастырылды.
Өзін-өзі тану пәні бойынша "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігі
МЕНІҢ КУМИРІМ - МОЙ КУМИР<br /><br />Оқушыларда қандай да бір тұлғаға еліктеу, өнерін, өмірін жақсы көру сияқты сезім болады. Біздің мектеп соны жариялауға мүмкіндік берді! Апта бойы 1-11 сынып аралығында кабинеттерге "Менің кумирім!" тақырыбында флипчарттар ілінді. Сынып жетекшілер бір апта бұрын үй тапсырмасы ретінде оқушыларға хабарлап айтқан болатын. Оқушылар құштарлықпен тапсырманы орындап, өздерінің сүйікті әншілерінің, актерлерінің, ақын-жазушылардың, атақты футболистердің фотосуреттерін алып келіп, флипчарттарға орналастырды. Кумирлеріне таңдау жасаған кезде тек шет елдердің әртістерін емес, сонымен қатар Қазақстанның мақтаныштары - Денис Тен, Геннадий Головкин, Димаш Құдайбергенов сынды өнер қырандарына еліктейтінін байқадық. Ал сіздің мектеп кезіндегі кумиріңіз кім болды?
"Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі" КММ бойынша қаңтардың үшінші онкүндігінде профориентациялық жұмыстар жүргізілді.
7 ақпан күні Нақты пәндер бірлестігі мұғалім, ата-ана, оқушы арасында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай мектепішілік "тоғызқұмалақ" ұлттық ойын сайысын өткізді. Ойынның мақсаты ұлттық ойынды дәріптеу. 5-11 сынып ата-аналары сайысқа белсене қызығушылықпен қатысты. Әр отбасынан әке мен бала, ана мен бала, сынып жетекші, пән мұғалімдері болып қатысты. Сайыстан жүйрік озып шыққан ата-аналар марапатталды. Белсенді қатысқан ата-аналар Алғыс хаттармен марапатталды. Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, осы ойынның жалғасын табуын тіледі. Төрт кезеңнен озып шыққан 5 "Ғ" сыныптың атынан келген ата-ана І орынды иеленді. І орын иеленген отбасына қалалық сайысқа жолдама берілді.