Меню KDT

Новости

Главная Новости

07.02.2020

Қауіпсіз мектеп автобусы

С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда 15.01-15.02 аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы бойынша келесі іс-шаралар өткізілді

07.02.2020

Гимназия көшбасшысы

6-ақпан күні С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда "Гимназия көшбасшысы" атты зияткерлік сайысы өтті.

07.02.2020

Қар тазалау науқаны

Нұр-Сұлтан қаласында қардың өте жауғандығына байланысты, мектеп ауласын тазалауға «Әкелер мен оқушы ер балалар», «Қамқоршылық кеңесі» және мектеп ұжымының мүшелері көмекке келді.

07.02.2020

«Салауатты өмір салтын ұстан!»

«Салауатты өмір салтын ұстан!» тақырыбында мектептің медбикесі сыныптарда «Тұмаудың» негізгі факторлары және оның алдын алу жайында оқушыларға әңгіме айтып берді. Балалар мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, медбикеден жауап алды.

07.02.2020

"Менің роботым"

2020 жылдың 7-ақпаны күні №3 мектеп-гимназиясында 5-10 сынып оқушылары арасында "Менің роботым" қалалық конкурс болып өтті. Аталмыш конкурс "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және "Айбын-2020" халықаралық әскери жиынына дайындық ретінде өткізілді. Іс-шараға мектебіміздің оқушылары әскери робот құрастырып, финалдық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Бекеева Әсем. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

07.02.2020

“Turkish Open”

Түркия қаласында өткен G-1 Рейтинг “Turkish Open” Халықаралық таеквондо  турнирінен мектебіміздің 8 "И" сынып оқушысы Тлеуғабыл Әділ жүлделі 1 орынға ие болды. Әділді кезекті жеңісімен қүттықтаймыз!

06.02.2020

АБАЙ-ДАНА,АБАЙ -ДАРА ҚАЗАҚТА

АБАЙ-ДАНА,АБАЙ -ДАРА ҚАЗАҚТА
Нұр-Сұлтан қаласы Сырбай Мәуленов атындағы № 37 Мектеп-лицейінде ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай жоспарлы түрде бірнеше іс-шаралар өткізіліп жатыр.Осы орайда 6 «ә» сыныбында 5 ақпан күні «Абай-дана, Абай- дара қазақта» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен танысу. Ақынның өлеңдері, әндері мен қарасөздері арқылы адамгершілікке, адалдыққа,әсемдікке, еңбекқорлыққа баулу.                Сабақ барысында ақын шығармаларымен оқушылар таныса отырып, Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Ақын өлеңдеріндегі мейрімділік,адалдық, жаман әдеттен аулақ болу қасиеттерін талдап, оқушылар өз-пікірлерімен бөлісті. Сынып сағатында сондай-ақ Абайдың әндері орындалды. Әсіресе: Дүйсенбек Балжан, Сайлау Досжан, Сайлаубекова Ильмира, Аязбаев Нұрсұлтан, Амангелді Алсу өздеріне берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, Абай шығармаларын жақсы орындай білді.Абай сөзімен айтсақ, бұл оқушылар , адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озатындығын сабақта дәлелдей білді.

06.02.2020

Аудандық KATEV Олимпиадасы

Аудандық KATEV Олимпиадасынан мектебіміз жүлделі 2,3 және алғыс хаттар алды

06.02.2020

"Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"

06.02.2020 жылы Нұр - Сұлтан қаласы С.Мәуленов атындағы #37 мектеп - лицейінің кітапханасында   "Өзін - өзі тану" пәні бойынша "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты  онкүндік аясында 8 "Г" сыныбында "Менің сыныптасым" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс - шараның мақсаты: Ұжымда дұрыс қарым - қатынас жасай білуге, айналаңа қиянат жасамау өзіңе қиянат жасамау екендігі туралы түсінінік беру. Оушылар өз ойларын ортаға салып пікірлерімен бөлісті.

06.02.2020

«ТҰРМЫС» атты алдын алу іс шарасы.

«ТҰРМЫС» атты алдын алу іс шарасы.

Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында мас күйінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға жол бермеу және криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында мектеп инспекторы Айгерім Рысқожақызы 2020 жылдың 5-6 ақпан күндері I-ауысымда 8-9 сыныптар, II-ауысымда 5-7 сыныптар аралығында «Тұрмыс» атты алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жұмыс жүргізді. Іс-шара дәріс, пікір алмасу түрінде өтті.