Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 2020 жылдың 03-13 ақпан аралығында "Өзін-өзі тану пәні: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік апталық басталды. Балаға жылы мейірімін, шуақ пен шапағат сыйлау мақсатында ұйымдастырылған "Мейірімді ана" «Мен бақытты баламын» сурет көрмесі және «Махаббат- іңкәр сезім», «Бақыт деген не?» тақырыбында өлен,эссе байқаулары өткізілуде.
<p><span style="font-family:arial, helvetica, sans-serif;font-size:14pt;">05.02.2020 - «Петропавл Bilim Lab» Ресурстық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Қызылжар ауданының мұғалімдері үшін «Цифрлық білім беру ресурстары - заманауи мектептердің инновациялық білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі» тақырыбында тренинг өтті.</span></p>
Оқушылардың адамгершілік пен қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Адамгершілік және қайырымдылық» атты пікір сайыс өткізілді.<br />Бұл пікірсайыста адамгершілік, қайырымдылық төңірегінде оқушылар өзара ой бөлісіп, «Жақсылық жасау» туралы видеороликтерді тамашалады.
С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия қабырғасында 2-4 сыныптары үшін алғаш рет қалалық "Алтын сақа" математикалық турнирі өтті.