2020 жыл 4-ші ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша «Жұлдызды Олимп-2020» олимпиадасы қалалық кезеңінің марапаттауында №67 гимназиямыздың 11 сынып оқушысы Болатбек Тоғжан ағылшын тілі пәнінен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Елордалық дарынды балаларды қолдау мақсатында гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қалалық олимпиада жеңімпазы болған Болатбек Тоғжан Еуразия гуманитарлық институтының шетел тілі: екі шет тілі білім беру бағдарламасының ГРАНТ иегері атанды. Жетекшісі: Мылтыкбаева Бакытгуль Кабимолдановна. Құттықтаймыз!!!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 өнер мектебінде» өткен «Ән көңілдің ажары» УІІІ қалалық ән байқауында үздік өнер көрсетіп, дипломмен марапатталған мектебіміздің оқушысы Кимранова Жансаяны және жетекшісі Черныш М.С. құттықтаймыз!

3 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық жасыл технологиялар орталығында Қазақстан эко-белсенділерінің республикалық слеті болып өтті. Іс-шара «Еріктілер жылы» шеңберінде ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау, эко-волонтерлік мәселелеріне арналды. Халыққа экологиялық тәрбие беру, каспий итбалығын сақтау, қоқыстарды бөлектеп жинау мәселелері қозғалды. Слетке еліміздің барлық өңірінен келген эко-белсенділер, волонтерлер, бірқатар министрлік, экологиялық қауымдастық өкілдері, табиғатты пайдаланушылар, қоғам қайраткерлері, сонымен қатар №53 мектеп-лицейінің еріктілер тобы белсенділік танытты. Барлық осы іс-шарада айтылған бастамалар мен ұсыныстар Жол картасына енгізіліп, олар егжей-тегжейлі зерттелгеннен кейін, іс жүзінде қолданылатыны айтылып, пікір алмасты.

Бүгін мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары "Біз біргеміз" челлендж бастамасына қолдау білдіріп, мектеп жанындағы спорт алаңын(корт) және мектеп маңын қардан тазартып, қолғабыс етті.
Мектебімізде "100 кітап" жобасы негізінде мектеп оқушылары мен ата-аналарына Абай ақынның 175 жылдығына арналған мектеп оқушылары мен ата-аналары "Әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтың " "Абай жолы романы" атты сайыс ұйымдастырылды. Әр отбасы оқыған кітаптарын фотаға түсірді.

Қаңтар айының 31 күні 10 А сыныбында, сынып жетекшісі- Нуралина Сәндігүл Еслямханқызы ұйымдастырған Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай қара сөздері - ұрпақтың бағыт алар темірқазығы" атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: Абайдың мол мұрасын, оның шығармаларындағы ой-тұжырымдарын жастардың бойына сіңіру. Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпаққа меңгерту, санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру. Тәрбиелік іс-шараның қорытынды сөзін мектеп директоры Киянова Замзагул Ертаевна алып, оқушыларға алғысын білдірді.
Көрермендер Абай тағылымынан нәр алып, Абай тілінің мазмұнынан терең түсінік алды

"Қазақстан-мейірімділік мекені" Республикалық балалар бастамасы аясында Саумалкөл қазақ орта мектебі оқушыларының "Еріктілер" тобы Ементаева көшесінде тұратын Аманбаевтар отбасына қар тазалауға көмектесті.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігін өткізу іс-шаралары басталды. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру, Сүйіспеншілікке,сезімталдыққа, нәзіктілікке тәрбиелеу мақсатында «Кішкентай ақылды балапан» атты таным сағат болды. ”Адамгершілік” құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, адам бойындағы адамгершілік сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу көзделді.