Жыл сайынғы дәстүрге айналған "Жас маман" байқауы биыл 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Мектебіміз алғаш ашылғанда өзі де жас маман болып, осы жолдардан өтіп қалалық сайыстардың жүлдегері атанып жетістіктерге жеткен мұғалім Акимбекова Раушан Қанатқызы қазірде тәжірибелі ұстаздардың қатарына қосылып отыр, биылғы "Жас мамандар" платформасының жетекшісі. Бүгін Раушан Қанатқызы мен педагог ұйымдастырушы Бақытжан ағайымыздың ұйымдастыруымен "Жас маман" байқауының ашылуы жоғары дәрежеде өтті. Ақпан айы бойы жас мамандар арасында түрлі сайыстар өтеді. Сайыстан ең үздік озып шыққан ұстаздарымыз қалалық "Жас маман" сайысына жолдама алады.

Ғаламторға тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ғаламторлық қызметтің қолдануының бақылауын күшейту, жауапкершілікке үйрету мақсатында жоспарға сәйкес халықаралық ғаламторсыз бір күн аясында «Я OFFLINE» балалар акциясы аталып өтуде. Аталмыш шаралар жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескере отыра ата-аналар, оқушылар және ұстаздар мен басқа да қызметкерлер қатысуымен өріс алуда.

Қаңтардың 19-25 аралығында 1-4 сынып оқушылары « Мен ғаламторсыз бір күнімді қалай өткіздім?» тақырыбымен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен бейнелеу өнері туындылары арқылы өз ойларын өрнектеп білдіруде, орта буын оқушылары тіл мамандары, сынып жетекшілері басшылығымен эссе жазуда.
Сынып жетекшілер алуан тақырыпта, түрлі формаларда сынып сағаттарын ұйымдастырып, өткізіп жатыр.
Ата-аналардың , оқушылардың қатысуымен информатика пәні мұғалімі Омирбулатов П.Ж. және мектеп психологі Касымов А.С. «Ғаламтор және МЕН» тақырыбымен әңгіме өткізді.
Іс-шара барысында ата-аналар мен оқушылар ғаламтордың қаншалықты пайдасы болса сондық зиянды тұстарын да жете ұғынды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№78 мектеп-гимназия" КММ "Біз біргеміз" челленджі аясында мектеп, ата-ана, оқушы үштігі мектеп ауласында қар күреу жұмысын жүргізді. Ата-аналар қамқоршылық кеңесі мүшелерінің іс-шараны ұйымдастырып, ата-аналарды мектепке қолдау көрсетуге шақырды. "Еңбек адамды адам етеді, еңбексіздік адамды надан етеді" , "Еңбекпен шыныға білген тыныға да біледі" ұранымен балаларымызды еңбекке баулу мақсатында ата-аналарымыз бен мектеп ұжымы іс-шараға белсене қатысты. Мектеп ұжымы бізбен бірге өтетін іс-шараларға белсене қатысқан ата-аналарымызға шексіз алғыс білдіре отырып, үлкен рахмет айтты.
01.02.2020 ж Нұр-Сұлтан қаласы, №69 мектеп-гимназиясында 170-ке жуық ата-аналар мен оқушылардан құралған "Еріктілер" тобы және №5573 әскери бөлімінің сарбаздары мектеп ауласын қардан тазалады.

«БІЗ БІРГЕМІЗ!» ХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯСЫ

31-қаңтар күні С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда "Білім көзі - кітапта" атты апталық аясында" "Әдебиет әлемінде" сайысы өтті.
#8 орта мектебінде "Қазақстан - мейірімділік мекені" атты республикалық балалар бастамасын өткізу мақсатында "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы қолға алынып отыр.