Меню KDT

Новости

Главная Новости

02.10.2018

№ 59 мектеп-лицей негізінде семинар-практикум өтті.

№ 59 мектеп-лицей базасында жас мамандар-дене шынықтыру мұғалімдері үшін "Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында заманауи дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар" атты семинар өтті

02.10.2018

«ЖолДос көмекке асығады» атты жол ережелеріне байланысты аннимациялық мультфильм

Астана қаласы №38 мектеп-лицейінде "Балалар жол көлік апатына қарсы" акциясы шеңберінде 3-4 сынып оқушыларына «ЖолДос көмекке асығады» атты жол ережелеріне байланысты аннимациялық мультфильм ұсынылды.

02.10.2018

"Есте сақта жас дос!" атты шарасы

"Балалар жол көлік апатына қарсы" қалалық акиясының аясында Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің 6 "Ғ"  сынып оқушыларынан құралған "Жас жол инспекторлары" үйірме мүшелері жоспар бойынша "Есте сақта жас дос!" атты оқушыларға  пайдалы жадынамалар таратып, мектеп маңайындағы жолдарға шығып, тәртіп бұзған жаяу жүргіншілерге көшеде түсіндірме шараларын жүргізді.

02.10.2018

«Жол жүру белгілерін білеміз бе?» сайысы

Саяхат сабақ «Жол жүру белгілерін білеміз бе?» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында сайыспен жалғасын тапты.

02.10.2018

«Жол жүру ережелері» бұрышына саяхат

Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің жас мамандары, бастауыш сынып мұғалімдері Ашимова Аида Асхатқызы мен Кунакова Орынбасар Сагиқызы 1-сынып оқушыларымен «Жол жүру ережелері» бұрышына саяхат сабағын жүргізді.

02.10.2018

«Біз өмірге сенеміз!» тақырыбындағы бейнеролик

"Балалар жол көлік апатына қарсы!" атты қалалық акциясында Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің 6 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі М.Ахметовамен «Біз өмірге сенеміз!» тақырыбында бейнеролик түсірді.

02.10.2018

«Жүргізуші менің өмірімді сақта!» атты шарасы

Астана қаласы №38 мектеп-лицейдің "Балалар жол көлік апатына қарсы!" акциясы барысында 5 "В" сынып оқушыларылары, жетекшісі Қамар Нұрланқызымен бірге  «Жүргізуші менің өмірімді сақта!» деп аталатын шара өткізді.

02.10.2018

«Жүргізуші! Асықпа! Абайла! Тоқта!» шарасы

Астана қаласы №38 мектеп-лицейдің 6 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Ш.Рахлетова және мектеп инспекторы Д.Рамазановпен «Жүргізуші! Асықпа! Абайла! Тоқта!» және "Сіз де ата-анасыз ғой!" деген ұранмен лозунглер ұстап, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп, жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға, жолда жүргенде абай болуға шақырды.

02.10.2018

«Балалар жол көлік апатына қарсы!» акциясы ашылуы

№38 мектеп лицейінде 1,2 қазан күні «Балалар жол көлік апатына қарсы!» акциясына байланысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сагитованың жетекшілігімен жоспар құрылып, әр шараның мақсат міндеттері анықталды. Акцияға барлық сыныптар жұмылдырылып, белсене қатысты.

02.10.2018

Алқатерек орта мектебінде "Қарттарым асыл қазынам" іс-шара өтті.

Мектеп ұжымы мен оқушылары "Қарттарым асыл қазынам" іс-шараны ұйымдастырып мектеп ардагерлерін құттықтады.

02.10.2018

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР. ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫМЕН тәжірибе алмасу.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР. ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫМЕН тәжірибе алмасу.

Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте экологиялық білім берудің мүмкіндіктері жылдан-жылға жоғарылап келеді. Бүгін, 2 қазан күні мектебімізде аталмыш тақырыпта Халықаралық деңгейде семинар өткізіліп, оған Германия Федеративтік Республикасынан оннан астам қонақ қатысты. Семинардың ашылуында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары З. Алимова семинар маңызы, жалпы экологиялық білім маңызы туралы қысқаша түсіндіре келіп, сәттілік тіледі.

Семинар барысында «Екінші шикізатты қайта өңдеу», «Put it in the bin!», «Қоқыс үшін екінші өмір!», «Қалдықтан – пайда!» тақырыптарына шебер-сыныптар мен әдістемелік қорлар, квест-ойындар өткізілді. "Жанды фотосурет» жобасын презентациялап, Мәуленов мұражайына саяxат жасалды.

Семинар соңы рефлексияға ұласып, неміс xалқының шынайы пікірі мен алғысына бөлендік. Ең бастысы, өзге елмен тәжірибе алмаса отырып, мәдениетімен, халықтың өзімен, сөзімен, елге, жерге деген өзіндік пікірлерімен, табиғатты сақтауға деген көзқарастарымен қоса таныстық. Семинар мазмұнды да жан-жақты ұйымдастырылған, сапалы да салмақты ой тастайтын жұмыс ретінде бағаланды.

Ел мен елдің арасындағы мұндай кездесулер мен бірлескен жұмыстар тек ел игілігі үшін жасала бергей дейміз...