СӘУЛЕТ ӨНЕРІ БОЛАШАҚТА!

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің талантты оқушылары Гордей Михаил мен Герасимов Валера Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының "Рухани жаңғыру" жобасы аясында ұйымдастырған "Сәулет өнері болашақта!" атты байқауға қатысып, ІІ ОРЫН иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды. Жетекшілері технология пәні мұғалімі Ерлан Әлімханұлы Ахметкалиевке шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Талантты оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарды уақытылы анықтап, алдын алу, сонымен қоса есепке алу, олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында,Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 2020 жылдың 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.

«Тұрмыс» ЖПШ шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы ПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары тарапынан жалпы білім беру мекемелерінде,отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алу мақсатында, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында профилактикалық дәрістер, дөңгелек үстел және т.б. өткізіліп, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу туралы» Заңнамасы бойынша буклеттер таратылуда.
Otbasy-turmystyq qatynastar salasyndaǵy quqyqbuzýshylyqtardy ýaqytyly anyqtap, aldyn alý, sonymen qosa esepke alý, olarmen jeke profılaktıkalyq jumystar júrgіzý

«Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шара

жөнінде пресс-релиз

«Жаңартылған білім мазмұнында оқушыны өздігінен білім алуға бағыттау» тақырыбында семинар өтті.