Меню KDT

Новости

Главная Новости

12.09.2018

Қауіпсіз мектеп

<p>5.09.-20.09.18ж. аралығында   №39 кешкі (ауысымды) мектепте «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы аясында білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес барлық сыныптарда өмір қауіпсіздігін толық қамтамасыз ететін сақтық шаралары туралы тақырыптық сынып сағаттары,  әңгімелесу, психолог мамандардың кеңестері өткізілді. </p>

12.09.2018

СЫНЫПТАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде "Құқықбұзушылық пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуды жаңғырту" жобасы негізінде 9 "б" сыныбында өзін-өзі басқару ұйымы құрылды.

11.09.2018

Республикалық ата-аналар конференциясы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі мен Балалардың Құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Отбасылық Тәрбиелеу Институтының қолдауымен 2018 жылдың 8 қыркүйек күні мектебімізде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған І Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Мақсаты – 1-сынып ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек.

11.09.2018

Назар аударыңыз – балалар!

«Назар аударыңыз – балалар!» атты жедел алдын алу іс-шарасы

11.09.2018

ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-анаға өз балаға үлгі бол Республикалық ата -аналар конференциясы туралы. 2018 жылдың 8 қыркүйек күні Бұлақ орта мектебінде 1 сынып ата-аналары "ХХІ ғасырдаүй қазақстандық ата-ана өз балаға үлгі бол" тақырыбында Республикалық ата -аналар конференциясына қатысты. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған конференцияда берілген ақпарат "Баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" , "Балалар интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу" , "Баланың өз бағаларын арттыруға ықпал еттіңіз, оны жиі мақтаныш, бірақ сақтауының лайықты болсын". Мектептің педагог-психологі Нурмуканова К.Е. осы тақырыптарды ата-аналарымен бірге талқылап бала тәрбиесінде бірізділік сақтау маңыздылығын жеткізді. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің торағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының ұсынған үндеу хатымен мектеп директоры Токпанов Бердібек Саттарұлы таныстырды.

11.09.2018

ОТБАСЫМ-БАҚЫТ МЕКЕНІ

Бүгін, 11 қыркүйек күні Сырбай Мәуленов мектебінде аталмыш тақырыпта әр отбасылық бақытты сәттерден фотокөрме ұйымдастырылды.