Меню KDT

Новости

Главная Новости

22.01.2020

"Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың инновациялық әдістері" тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.

Бүгін Нұр-сұлтан қаласы 48 мектеп-лицейде "Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың инновациялық әдістері" тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері мен қала мектебінің ұстаздары қатысты. Тәжірибе алмасу бағытында өткізілген сабақтар мен коучинг қонақтар көңілінен шықты. Мектеп оқушылары белсенділік танытып, білім дәрежесін көрсетсе, ұстаздарымыз оқытудағы жаңаша әдістерімен бөлісті. Биология пәнін ағылшын тілінде жүргізген Ғаини Керимбаевнаға, Назым Ерболқызына және физиканы ағылшын тілде жүргізген Нұрлы Маликовнаға және Нұрпейіс Айдарбекұлына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз. Шығармашылықтарыңыз шыңдалып, биікке өрлей беріңіздер!

22.01.2020

«Жыр падишасы –Фариза»

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 2020 жылдың 21 қаңтар күні «Жыр падишасы –Фариза» атты поэзия кеші өтті. Ұлттық поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде отты жырларымен дараланған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, ірі тұлға, біртуар суреткер Фариза Оңғарсынова. «Өлді деуге сия ма, айтындаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп Абай айтқандай, өшпес жырлары барда Фариза есімі жадымызда мәңгі сақталады.
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың өмір жолдарымен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Балғын бүлдіршіндерді ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

22.01.2020

«Физиология және жасөспірім қыз балалардың гигиенасы» тақырыбында дәріс

2019-2020 оқу жылғы  21 қаңтар күні жоспарға  сәйкес,   №69 мектеп-гимназиясының  7-8 сынып қыз балалар арасында әлеуметтік ұстаз Б.Б.Қуанышбекова және Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданына қарасты №12 қалалық емханасының арнайы маманы Б.Б.Саткулова  бірлесіп  «Физиология және жасөспірім қыз балалардың гигиенасы» тақырыбында  дәріс өткізді.

22.01.2020

АИВ-ВИЧ

21.01.2020 жылы Нұр- Сұлтан қаласының №11 емханасынан ЗОЖ бас дәрігері Наурызбаева Мадина Ермековна шақырылды. №29 орта мектеп 10 - 11 сынып оқушыларына АИВ-ВИЧ туралы лездеме оқып, оқушылармен әңгімелесіп, оқушылардың біраз сұрақтарына жауап берді.

22.01.2020

«АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ»

«АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ»

2020 жылдың 22 қаңтарында бірінші ауысым оқушылары үшін оқушылардың бойында академиялық адалдықты қалыптастыру мақсатында «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды. Бүгінгі дүкеннің ерекшелігі сонда, технология пәнінде оқушылардың өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдары қойылып, бағасын оқушылармен ақылдаса мектептің аға тәлімгері Ерасыл Тілекұлы шығарды. Оқушылар бұйымдарға қызығушылық танытты, тіпті кейбіреулері «Адалдық дүкені» ережесіне сәйкес сатып та алды.

Ең бастысы, мектеп дәлізінде ашық орналасқан «Адалдық дүкені» ешқандайдай адамның қатысуынсыз, ішкі тазалықпен, сеніммен өтті.

22.01.2020

"ҒАЛАМТОРСЫЗ БІР КҮН" АКЦИЯСЫ

"ҒАЛАМТОРСЫЗ БІР КҮН" АКЦИЯСЫ

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 1-4 сыныптар арасында "Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбымен шағын көрме ұйымдастырылды. Сурет байқауына қатысатын оқушыларға тапсырма екі апта бұрын үй тапсырмасы ретінде берілді. Бүгін әр сыныптан екі сурет қабылданып, шағын көрме ұйымдастырылды. Алдағы бірнеше күнде нәтижесі белгілі болады.

Мақсатымыз - оқушыларымыздың бос уақытын тек ғаламтормен ғана өткізбей, шығармашылыққа арнай отырып, түрткі болу, ой салу.

22.01.2020

"Интернетсіз бір күн" акциясы

"Интернетсіз бір күн" акциясы

22.01.2020

ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың инновациялық әдістері» атты тәжірибелік семинар болып өтті. Оған мектебіміздің химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші - Сайлиханова Манат Бахытовна «Effective methods of integrating English into the natural science subjects through CLIL» тақырыбында қала мектептерінің ұстаздары үшін коучинг өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.