11.01.20ж. №14 МГ «Көптілділік заманауи білім беру басымдықтарының бірі: шындықтар мен келешегі» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.
Бүгін біз парасаттылық, әділдік, шынайлық туралы сөйлесіп, бұл ұғымдар қандай мағына білдіретіні жайлы "Парасаттылық сағат" өткіздік Парасаттылық гүлденген қоғамның дамуына, бірқатар дамыған елдерде елдің қалыптасуына негіз болып табылады. Парасаттылық - бұл қоғамның үкімі, адамның өмір салтын және оның ұстанған жағымды қасиеттерін басқалардың бағалауы. Әдептілік те бойда бар, бұл ар-ожданның айқын дауысы,«Парасаттылық және шынайлық» (cыбайлас жемқорлыққа қарсы) туралы бейнеролигін көрсетіп, оқушылар пікір-алмасты. Қоғамның дамуы үшін парасаттылықтың белгілі бір принциптерін ұстану қажет. Еліміздің дамуы тек бірлескен күш-жігердің арқасында жүргізілетінін естен шығармайық.
17 января 2020г КГУ"Сабитовская ОСШ"прошел единый классный час о добропорядочности на тему"Научи свое сердце добру"
Озерный орта мектебінің оқушыларымен<strong> Адалдық</strong> тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Master art" жобасының жоспары бойынша #38, 43, 57, 64 мектеп оқушылары "КАЗАРТ" Қазақстан көркем комбинаты" ЖШС-дегі мүсіншілердің шеберханасында болып, осы мекеменің бас директоры Шаймарданов Сапар Амангельдинович оларға мүсін үлгілерін, мүсіннің жасалу жолдарын, мүсін өнерінің айрықша туындыларын таныстырып, мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейтті. Мүсін өнерінің маңызы мен қоғамда алатын орнын біле отырып, оқушылар мүсінді орындау технологиясын көруге мүмкіндік алды.
<p>№38 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» оқушылар ұйымына қабылданды. Мерекелік шарада мектептің ардагер ұстаздары мен озат тәжірибелі ұлағатты ұстаздары оқушыларға тілектерін білдіріп, галустук пен төсбелгі тағу құрметіне ие болды. 5-сынып оқушылары өз кезегінде оқуда үздік болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін адамгершілігі мол, тәрбиелі, шығармашыл оқушы болуға ант қабылдады.</p>
<p>Биылғы жылда мектебімізде үлкен мереке. Сонау 1999 жылы іргетасы қаланған біздің мектебіміз бүгінде 20 жасқа толып отыр.</p><p>20 рет алғашқы қоңырауы мен 20 рет соңғы қоңырауын соққан білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Мектебімізден түлеп ұшқан түлектердің ішінде биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған, бірі хакім, бірі ғұлама болған шәкірттері қаншама. Осындай шәкірттер мен оларды тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздарға арналған «Сарқылмас білім байлығы, тәлім мен таным қонған жер» тақырыбында мерекелік іс-шара мектебімізде жоғары деңгейде өтті. Шараға алғаш мектеп іргетасын қалаған Жамал Базарқұлқызы мен еңбек еткен мұғалімдер және ардагер ұстаздар қатысты. Сұхбаттасудан басталған шара мерекелік концертпен жалғасып, мектеп директоры Камила Кәрімбердіқызы мектеп дамуына үлес қосып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ерең еңбек етіп жатқан ұстаздарды мерекелік медальдармен және алғыс хаттармен марапаттады.</p>