АДАЛДЫҚ САҒАТЫ...
17 қаңтар күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 10 сынып оқушыларымен бірге «Жастар» театрының директоры, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Ернар Құрбанбекұлымен адалдық сағаты өткізілді.
«Парасаттылықтың бастауы – отбасыдан, мектептегі мұғалімнен басталады» дей келе, Ернар Құрбанбекұлы ішкі тазалық, кіршіксіз өмір сүру туралы өмірлік мысалдар келтіре отырып, оқушы санасына «адалдық» керемет ұғымды қалыптастыра алды. Үлкенге құрмет, әлсізге көмек, досқа сыйластық туралы туралы түсіндіре келіп, қызғаныштан аулақ болуға шақырды. Бүгінгі жастардың парасаттылығы қоғамда, ортада, үйде көрінген сайын елдің елдігі арта түсетіні туралы пікір білдіре отырып, оқушыға ой сала білді. Бүгінгі адалдық сағатының мазмұны терең, астарлы, мәнді болғанын айта келіп, Ерлан Құрбанбекұлына алғысымызды білдіреміз.

17 января 2020г был проведен классный час на тему "Добропорядочность"
Мейірімділік, адалдық, әділеттілік, сенімнен басқа, парасаттылық басқаларға деген адалдықты қамтиды, бірақ қатал шындық емес, өйткені бастысы - біреудің сезімдеріне зиян тигізбеу. Парасатты адам сатқындыққа, зұлымдыққа, агрессияға және басқа да өнегесіз әрекеттерге, сезімдерге қабілетті емес. Ол өз әрекетінде парасаттылық қағидалары мен жақсылық ережелерін қолданады, мысалға:
• Досыңмен бөліс
• Адамдарға көмектес
• Әлсіз адамды қорға
• Қызғанба
• Өзгелердің қателіктерін кешір.
Осы пікірдің төңірегінде бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№53 мектеп-лицей» КММ-де «Парасаттылық деген не?» атты адалдық сағаты ұйымдастырылды. Оған ҚР Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары - Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы, мектеп директоры –Киянова Замзагул Ертаевна және ұстаздармен 8-11 сынып оқушылары қатысты.

17 қаңтар күні "Адалдық сағаттары" атты бірыңғай республикалық акция негізінде "Адалдық-асыл қасиет" атты іс-шара өтті. Іс шараның мақсаты оқушыларға адам бойындағы адалдық пен адамгершілік қасиеттің құндылығын ұғындыру, адам өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой-пікірлерін кеңейту.

ПАРАСАТТЫЛЫҚ» деген не? АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

Бүгін мектебімізде жалпыреспубликалық бірыңғай іс – шара негізінде «Адалдық сағаты» Парасаттылық тақырыбында лекция өтті. Сабақты агенттіктің өкілі Казкенов Аслан Бектасович өткізді. Сабаққа 9-11 сынып оқушылары, барлығы 150 оқушы қатысты. Сабақ барысында оқушыларға адалдық, жемқорлық тақырыбында ақпараттар берілді, кері байланыс ретінде сұрақ – жауап алмасты.

15 қаңтарда Ботай этнографиялық –археологиялық музейінің қызметкерлері КММ Лавровка орта мектебіне келді. Олар «Әл- Фараби мәдениет тарихында »және «Абай өлеңдері - адамгершілік бастауы» тақырыптарына дәріс оқыды. Сондай-ақ «Ботай» фильмі көрсетілді, «Ботай мәдениеті» атты көрме оқушылардың көңілінен шықты.