Меню KDT

Новости

Главная Новости

15.01.2020

"ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАР" ТУРИСТІК КЛУБТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЁТІ

2020 жылдың 15 қаңтарында Басқару колледжінің 20 жылдығына орайластырылған және «Туризм менеджменті және қонақ үй шарашылығындағы бизнесті дамыту» кластері аясында Басқару колледжі "Бригантина" экологиялық-туристік клубының  әкімшілігі және басшысының атынан "Шұғылданушылар" туристік клубтарының Республикалық слетін өткізді.

15.01.2020

Облыстық Қазақ күрес жарысы

Облыстық Қазақ күрес жарысына Благовещенка жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қатысты Олар: Елебаев Орынбек.Камкенов Даниял 9-сын. Қуаныш Дархан 8-сынып. Елебаев Орынбек. пен Камкенов Даниял облыс . чемпионы атанып, Республикалық сайысқа Ақтау қаласына путевканы ұтып алды .Оқушыларымызды толағай жеңістерімен шын жүректен құттықтай отыра, Республикалық жарыста жеңіспен оралуға тілектеспіз.

15.01.2020

«Салтың - санаң, ғұрпың - ғұмырың, дәстүрің - дәулетің»

Бүгін №65 мектеп – гимназиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты бойынша және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Атқа міну мәдениеті» бөлімін негізге ала отырып жүзеге асырылып жатқан «Салтың - санаң, ғұрпың - ғұмырың, дәстүрің - дәулетің» жобасының І жартыжылдық бойынша есеп беру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды жобаға ынталандыру, қызықтыру мақсатында kahoot ойыны ойнатылып, жобаның мақсаты мен өзектілігі айтылды.Іс- шара соңында оқушыларға тәжірибелік (практикалық) сабақтан үзінді бейнебаян көрсетілді.

15.01.2020

"Экскурcия"

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ақпараттық-идеологиялық кешені. Мекеме кітапхананың, архивтің, музейдің, мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу орталығының қызметін атқарады.

15.01.2020

Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай»

Биылғы жылы мектебімізде Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлауда. Абай - әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Данышпан Абайдың ұлылығы мен ерекшелігі, табандылық пен мақсаттылықты дәріптей және оның өз ұлтының санасына енгізе отырып, ұлттық рухты биікке көтерді. Абайдың бойынан табылатын тұлғаға лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміздің барын мақтан тұтамыз.
Бүгін күнде қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әніне бесінші сынып оқушылары толық мәліметтер беріп, әнді қалай түсінгенін дәптер бетіне суреттеп өтті. Абайдың әніне оқушылар қызығушылық танытып, әрі қарай шығармларымен танысуларын көздеді.

15.01.2020

Мектебімнің мерейлі белесі

10-қаңтар біздің мектебімізде үлкен той, мереке. 2010 жылдың қақаған қаңтар айында біздің алтын ұямыз №63 орта мектеп шәкірттеріне есігін айқара ашты. Елордамыз Астананың төрінде іргесі қаланған мектебіміздің ашылғанына бүгінгі таңда 10 жыл  толып отыр. Санаулы ғана ғұмырда іргесі қаланған білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Сол уақытта  қиыны мен қызығы мол жылдарда мектеп басшылығына Поняева И.И.  келді. Білікті басшының білгірлігінің арқасында мектебіміз бүгінгі таңда гимназия мәртебесіне ие болды. Мектеп директорының орынбасары  Табылдықызы Динараның, Қымбат Тоқтарбековнаның,  Айгүл Есмұратқызының және Надежда Владиславовнаның  сан жылдар бойғы еңбегінің  нәтижесін-біздің ұжымның бірлігінен көруге болады. Мектебімізден түлеп ұшқан шәкірттердің ішінде биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған  шәкірттеріміз қаншама!

7-қаңтар күні мектебіміздің ашылуына орай үлкен іс-шара өтті. Мектеп басшысы Поняева И.И. бастамасымен біздің мерейтойымыз өте жоғары деңгейде өтті. Біздің ұжымда еңбек жолын бірге бастаған  әріптестеріміз де кешіміздің арнайы  қонағы болды. Мектебіміздің  түлектері де  келіп, ұстаздар қауымын мерейтойларымен құттықтады.10 жылдық мерейтойымыздың қарсаңында әр сынып қабырға газетін шығарып, сыныптар арасында шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар бейнеролик әзірлеп, ұстаздар қауымын құттықтады. Осы он жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл-біздің еңбегіміздің нәтижесі. Кеш қонақтары өздерінің жылы лебіздерін білдіре отырып, біздің ұжымға сәттілік тіледі. Кеш соңы мерекелік концертпен жалғасты.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ұжымның ауызбіршілігін осы дүбірлі мерекеден де байқауға болады. Торқалы тойымыз әрі қарай жалғасын тауып, еңбектеріңіз жемісті болсын! Өмір атты сара жолда шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанып, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер дегім келеді.

15.01.2020

"Сәрсенбі - сәлемдесу күні" акциясы

15 қаңтарда Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде дәстүрге айналған үрдістің бірі "Сәрсенбі - сәлемдесу күні" акциясы өткізілді. Акцияға мектептегі "Оқушылар ұйымы" атсалысты. Оқушылар үлкендермен амандасып қана қоймай, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлап, мадақтау сөздер айтып, мектебімізде жақсы атмосфера қалыптастырды. Осы үрдіс бұдан ары қарай да,қарқын алады деген сенімдеміз.

15.01.2020

Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР!

Сырбай Мауленов атындағы №37 мектеп-лицейі 2020 жылғы 26 қаңтар  – Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясын ашық деп жариялайды!
Бұл күнді жаһандық желіден бас тарта отырып, жақындармен өткізуге, мәселен, интернетке қосулы барлық құралдарды үйде қалдырып, табиғатқа шығуға, тек шынайы әлемде өмір сүре өткізуге, жақын адамдармен жақынырақ араласуға немесе күнді сүйікті хоббиге арнауға шақырамыз!

15.01.2020

МЕНІҢ РӘМІЗДЕРІМ...

МЕНІҢ РӘМІЗДЕРІМ...
Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде 14-15 желтоқсан күндері Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу мақсатында сынып сағаттары өткізілді. Елдігіміздің белгісі - рәміздеріміздің  мазмұны мен мағынасы ашылды, авторлары туралы қосымша ақпараттар жинақталды, әр сыныпта әнұран орындалды. Оқушылар Мемлекеттік рәміздер туралы мақтанышпен айта алды, өз шығармашылықтары арқылы дәріптеді.
Көк байрағымыз желбіреп, еліміздің абыройы асқақтай бергей деп тілейміз!

15.01.2020

Ұлы дала тарихы

Саумалкөл қазақ орта мектебінде гуманитарлық пәндер онкүндігінде 5-11 сынып оқушылары "Ұлы дала тарихы" тақырыбында қазақ хандарының батырларының тарихын, Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын,Ботай мәдениетінің тарихын зерттей, макеттер жасау арқылы және шығармаларын суреттеп қорғады.

15.01.2020

Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды» деген болатын. Ұлтымыздың ұлы ақынының шығармашылығын дәріптеп, жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің онкүндігі барысында Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлы Абай әлемі" тақырыбында Абай еңбектеріне 8-11 сынып оқушылары эссе жазды