Меню KDT

Новости

Главная Новости

13.01.2020

Айлық ЖИТС пен күресу

5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Аксеновка орта мектебінде  ЖИТС ка қарсы күрес айлығы өтті. 1 қараша күні тақырыптық  жиын өтті.

13.01.2020

Зерде

Саумалкөл қазақ орта мектебінің 4-сынып оқушысы Сәлімжуар Дәурен және 5-сынып оқушысы Жангалиева Адина аудандық 1-7 сынып аралығында өткен "Зерде" зерттеу жұмысы мен шығармашылық жобалар сайысына қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды

13.01.2020

Ата-аналар жиналысы

11.01.2020ж С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда гимназияішілік ата-аналар жиналысы өтті.

13.01.2020

Қаңтар айының 5-6 күндері Нұр-Сұлтан қаласында жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы болды.

Дәстүрлі түрде өтетін бұл олимпиадада мектеп оқушылары сапалы дайындық және мұғалімдеріміздің тың еңбегінің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізді.

11.01.2020

"Туған елге тағзым"

11.01.2020 ж #8 орта мектебінде "Туған елге тағзым" бағыты бойынша "МЕН ТҰРАТЫН КӨШЕ " атты зерттеу сайысы 5-10 сынып оқушыларының арасында болып өтті.

11.01.2020

Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан"

Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы
Қазақстан" атты мақаласына Саумалкөл қазақ орта
мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Дукетбаев Руслан Сұлтанұлының пікірі

Абайды келер ұрпақ біліп, тағылым алуы тиіс. Абай әлемдік әдебиеттің тұлғасына айналып, қазақ ұлтының болмысын жаһантануы қажет. Абай шығармаларын талдап, біраз еңбегін арнаған профессор Ғарифолла Есім Президенттің «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек» деген ойын толық қолдап отыр.
Абай бірлік, тұтастық, ынтымақалды мен қазақтың өзінің ішінде болуы керек, содан кейін бауырымызға тартатындай биік дәрежедегі интеллектуалды халық болып қалыптасуымыз керек деген дүниені Президент өзінің мақаласында ерекше мән беріп айтқан.
Президенттің мақаласын оқысаңыз, бар ойын бірден түсінесіз. Абайдың шығармашылығын насихаттау арқылы рухани даму керектігін жеткізді. Ал ақынның 175 жылдығын тек барып біз сол арқылы адамзатты сүйетіндей, адамзатты тойлап қоймай, одан тағылымалу керек деді. Иә, даурықпа той, мағынасыз мереке болмауы тиіс. Биыл Абайға арналған 500-ден астам шара өтеді. Жер-жерде халықаралық ғылыми конференциялар көп ұйымдастырылады. Ақынның өлеңдері 10 тілге аударылады.
Бұл торқалы тойдың мемлекеттік, халықтық деңгейдегі маңызы өте үлкен. Жалпы бұл той не береді? Дүбірлі тойдың халыққа берер тағылымы қандай? Бұл мәселеге келетін болсақ, мемлекеттігіміздің, ұлттығымыздың, адамгершілік биігіміздің, ғылым мен білім кеңістігінде алар орнымыздың барлығында да Абайдың сөзі, мұрасы, Абай көрсеткен бағыт болу керек. Осы тұрғыдан келгенде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мақаласында Абайға арнап өткізілетін шаралардың әрқайсының маңызына тоқталып, оның ұрпаққа берер тағылымына ерекше назар аударған.
Абайдың қай өлеңін, қай қара сөзін алсақ та, қоғам үшін қажетті не керек, соның бәрі жазылған. Адам бойындағы ақыл, қайрат яғни жүрек керек деп келтіреді. Абайдың өлеңдерінде «Талаптың мініп тұлпарын» деген өлең жолдары бар. Сондықтан жастарға талаптың керек екендігі белгілі, 21 ғасырда Қазақстан өркениетті елдердің арасында өзінің орнын алуы үшін де ғылым, білім керек.

11.01.2020

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»

Мемлекет басшысының ұлы ақын жайлы өрелі ойы
9 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақалада Мемлекет басшысы қазақтың ұлы ақынының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп жатқан іс-шаралар барысына тоқталып өтті. Болашақта қандай ауқымды жұмыстар жалғастырылатыны баяндалды. 30 мамыр күні қазақтың ұлы ақынының мерейтойын тойлау туралы Жарлыққа қол қойылғаннан бері біршама игі істер тындырылғаны тілге тиек етілді. Соның ішінде ақын өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқу эстафетасының (челлендж ) еліміздің түкпір-түкпірінде іске асқандығы айтылды. Тіпті Қасым-Жомарт Кемелұлының Ләйлім деген бүлдіршіннен эстафетаны қабыл алып, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен халық алдына шыққандығы да баршамызға белгілі. Өз мақаласында Мемлекет басшысы ұлы ақынның қаншама өлең жолдарынан мысал келтіре отыра, бүгінгі заман тұрғысынан дәлелдер келтіріп талдау жасайды. Халқын білім-ғылым үйренуге, «пайда ойламай, ар ойлауға», адамгершілік, ізгі қасиеттерге жақын болуға шақырған ақын өлеңдерінің біз үшін аса құнды екендігін ашып көрсетеді.
Абай – қазақ халқы үшін ұлы ғұлама, асқан ойшыл. Әр шығармасы кез келген адамды қалың ойға жетелейді. Ақынның айтып кеткен ой-пікірі, даналық сөзінің астарында асқан тереңдік, ділмарлық жатқандай. XIX ғасырда өмір сүрсе де, дәл бүгінгі біздерге арналып айтылғандай дөп түскен ойлары бәрімізді таңғалдырады. Ендеше, ХХІ ғасыр ұрпағы, яғни біздер, Абайдай ұлы ақынның асыл сөздерін оқып, тереңіне бас қоюымыз керек. Абай сөздері ешқашан көнеленбейтін, өшпейтін сөздер екені хақ. Білімге, ғылымға ден қойып, көңіл көкжиегімізді кеңейтіп, заман ағымына ілесейік! Сонда ғана Абай армандап кеткен абыройлы ел, қалың қазақ болғанымыз деп білемін.

Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы
Саумалкөл қазақ орта мектебінің директоры,
аудандық мәслихат депутаты