12.06.2018ж. «Балауса» лагерінің қатысушылары үшін қай салаға бейім екендіктерін танытуға мүмкіндік берерлік күн болды. Бұл күні балалар таңғы жаттығу мен пайдалы астан кейін әр түрлі пәндерді білу деңгейін сынауға арналған сайысқа түсті. Әр топ өз ішнен үздіктерді анықтап, теорияны білуден сынға түсті. Кейін, балалар өздерінің жіппен сурет салуға қаншалықты тез бейімделе алатындықтарын танытты. Алдымен жіппен сурет салу жолдары туралы мастер-классқа қатысқан бүлдіршіндер, бұл өнерді де жылдам игеріп, өзара жұмыс жасай білді. Әр баланың жұмысы өзінше ерекше, өзінше көркем болып шыққандығын паш ету мақсатында ортақ көрме ұйымдастырылды. Сурет әлеміне саяхаттап болған бүлдіршіндер екі топқа бөлініп, бір топ мектеп алаңында эстафеталық сайысқа қатысып, спортқа деген сүйіспеншілігін танытуға құлшына кіріссе, екінші топ «Қазақ елі» атты патриоттық рухқа тәрбиелерлік мультфильм тамашалап, қазақ елінің терең тарихын өз дәрежесінде тануға мүмкіндік алды. Осылайша, лагерьге қатысушы әр бала өзінің мүмкіндіктерін сынап көріп, жайдары жаздың тағы бір күнін достарымен көңілді өткізді.

11.06.2016ж. «Балауса» лагерь қатысушылары Оқушылар сарайына саяхатқа аттанды. Арнайы көлікте ән салып, ұрандата аттанған топ әу бастан көңілді ортаға бейім еді. Ал, Оқушылар сарайы өз кезегінде балалар үшін ерекше қызықты бағдарлама әзірлеп, демалушыларды жылы қарсы алды. Балалар театрландырылған ертегіге қатысып, өздері де кейіпкерлермен бірге ойнап-күліп, сергіп алғаннан кейін көңілді би кешіне аттанды. Би алаңынан әр түрлі жанрлы би билеуден сайысқа түсіп, мың бұрала билеп, заманауи әндерді шырқаудан алдына жан салмаған балақайлар, көңілді шықты. Әрі қарай оларды аспан әлеміне саяхат күтіп тұрған еді. Бұл планетаррий балаларға күн жүйесі мен аспан құпияларын, ғарыш әлемі ерекшеліктерін таныстырып, қызықты ақпарат берді.

Ата-аналар үшін

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы»

2018-2019 оқу жылывдағы болашақ 1- сынып оқушылары ата-анасыньщ назарына!
1.20! 8 жылғы 1 маусымнан бастап 29 тамызга дейін №24 орта мектепте 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. (2011-2012 ж туылған балалар).
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі Дүйсенбі-жұма: сағ. 9.00-17.00 Сенбі: 9.00-12.00 (Түскі үзіліс: 13.00-14.00)
Құрметті сайт оқырмандары, сіздердің назарларыңызға жеткіземіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
"1 маусым- Балалар қорғау күніне" арналған мерекелік концерт

1 МАУСЫМНАН БАСТАП АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ 1 СЫНЫПТАРЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ.

Балаларды қорғау күніе "Біз бақытты балдырған" атты мерекелік концерт өтті.