Меню KDT

Новости

Главная Новости

04.04.2018

Шал ақын ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді

Ағымдағы жылғы 29 наурызында Шал ақын ауданы Сергеевка қ. аудан педагогикалық қызметкерлері және ата-аналар өкілдерімен семинар - кездесу жүргізілді.

28.03.2018

«Кеңес Одағының Батыры И. М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ кезектен тыс Қамқоршылық кеңесінің отырысы

2018 жылғы 14 наурызында Тайынша ауданының «Кеңес Одағының Батыры И. М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ кезектен тыс Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

27.03.2018

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 7 наурызындағы № 88 «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 10 - 24 сәуір аралығында еліміздің жалпы білім беру мектептерінің 4, 9 және 11-сынып оқушыларының сырттай бағалау рәсімі өткізіледі (ОЖСБ).

20.03.2018

2018 жылғы ақпан айы бойынша мемлекеттік бақылау қорытындысы

Ағымдағы жылдың ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Білім саласындағы бақылау департаменті 12 мектепте ішінара тексерістер жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің " Бугровое орта мектебі" КММ білім беру саласындағы заң бұзушылықтары анықталған жоқ.

20.03.2018

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді көктемгі жаңару мейрамы - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз шаңырағыңызға көктемгі көңіл-күймен, жомарт дастарханмен және қуанышпен енсін!
Сіздерге бар жақсылықты, молшылықты, бейбітшілік пен жақсы болашақ тілейміз!

19.03.2018

«Алтын белгісінен» айырылмайды

«Алтын белгісінен» айырылмайды

07.03.2018

Құрметті ханымдар - сайт қонақтары!

8 наурыз - ең әдемі, әрі шуақты көктем мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, отбасылық бақыт, амандық тілейміз.
Білім беру саласында жұмыс істейтін ханымдарды ерекше құттықтаймыз. Сізге, қымбатты әріптестер, шығармашылық табыс пен қуанышты сәттілік тілейміз!

05.03.2018

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

2017 жылғы 27 шілдедегі № 355

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің қоса беріліп отырған үлгілік қағидалары бекітілсін.
Күші жойылды деп танылсын:
1) "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 Қарашада "Юридическая газета" газетінде жарияланған"№ 184 (1387);

2) "Қамқоршылық кеңес қызметінің үлгілік қағидаларын және оны сайлау тәртібін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 715 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14751 тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Ерсаинов Е. Е.) заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; ;

3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

5) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасының Е. Сағадиев

03.03.2018

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысының м.а. Гапчич Т.А. Петропавл қ., Тимирязев, Шал ақын, Мамлют және Жамбыл аудандарының білім беру қызметкерлерімен кездесу- семинарлар өткізді.
Семинарларда білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау, қамқоршылық кеңестердің қызметі, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, оқулықтармен қамтамасыз ету, білім берудің жаңартылған мазмұны мен цифрландыру мәселелері қаралды.

19.02.2018

Қызылжар ауданының мектептерінде ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2018 жылғы ақпанның 5-9 аралығында Қызылжар ауданының 4 мектебінде Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің бас мамандарымен ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде білім беру саласындағы реформалары, көптілділік, критериалды бағалау мәселелері талқыланды. Қазақстан ата-аналары Ассоциациясының (қоғамдық бірлестігінің) «Soft» бағдарламасына қосылу туралы айтылды. Кездесу соңында сұрақтарға жауаптар берілді.

14.02.2018

Тайынша ауданына жұмыс сапары

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысының міндетін атқарушы Гапчич Т.А. Тайынша ауданында жұмыс сапарымен болды. Іссапар барысында аудан әкімі В.С.Дудовпен кездесіп, білім жағдайының жекелеген мәселелері талқыланды, соның ішінде: білім беру қызметтерінің сапалық деңгейі, Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру, педагогтар мен ата-аналар арасында ақпараттық жұмыс жүргізу және басқа да.