Меню KDT

Новости

Главная Новости

23.12.2019

қысқы кездегі қауіпсіздік ережелері

Балалардың қысқы кездегі қауіпсіздік ережелері туралы мектеп оқушыларына сегізінші сыныптың жетекшісі Исманова С.А. көптеген мәліметтер айтты.Қыста балалар шана тебуді, төбешіктен сырғанағанды, қар лақтырып ойнағанды, аққала жасағанды жақсы көреді. Алайда, балалардың қуанышын жарақаттардың басуы мүмкін. Жағымсыз салдардан қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн.

23.12.2019

"Жас эрудит"

2019 жылдың 21 желтоқсаны күні қалалық математика және ағылшын тілі пәндері бойынша 3-5 сыныптар аралығында өткен "Жас эрудит" олимпиадасында 3-сынып оқушысы Молдаберген Мадина 2-орын, жетекшілері: Мурзагулова М.С, Жингылбаева Б.Ш, 5-сынып оқушысы Əбдіғапар Алдияр Алмасұлы, жетекшілері: Ихсанова Бибигуль Салыховна, Базарбаева Мерей марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

23.12.2019

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер  ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.  Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр. Міне, біздің мектептің де оқушылары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылданып, салтанатт жиын өтілді. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін жағдай жасап, азаматтық ұстанымын, қоғамның қазіргі уақыттағы өзекті проблемаларын шешуге белсенді қатысуын ұйымдастыру негізгі мақсат болуда

23.12.2019

Сыныптан тыс іс-шара

Сыныптан тыс іс-шара

20.12.2019 жылы 12:30-да  Қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен,

« Абай-дара, Абай- дана» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шарада 4- 5 сынып оқушылары  Абайдың « Жазғытұры», «Қыс», « Күз», « Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңдері жатқа айтылды. 8-11 сынып оқушылары Абайдың шығармашылығы мен өмірі, « Қара сөздері», « Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы» өлеңдері мен қара сөздерін суреттеп баяндап жатқа айтып берді. Іс-шараны көруге келген қонағымыз мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі Кунакова Ж.Ш. қазақ тілі мұғалімдерінің бірлестік жетекшісі Абдрахманова Г.Т. өз алғысын білдірді.

23.12.2019

«Жас Бүркіт» әскери-патриоттық клуб

Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай мектебімізде «Жас Бүркіт»әскери-патриоттық клуб курсанттарының салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өткізілді.      Клубқа қабылданған әр курсантқа үлкен міндет жүктеледі. Олар туған жерімізді, елімізді мақтаныш етуге, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге білімге адалдықпен ұмтылуға ант берді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы  қарулы күштерінің Бас Сержанты, сержанттар құрамымен жұмыс жасау басқармасының басшысы Халықов Темірбек Мырзаханұлы, Ұлттық Ұлан әскери бөлім тәрбие бөлім командирыИкласов Ерлік Ерсінұлы,

№ 69мектеп –гимназия әкелер кеңесі өкілдері: Бахытжан Сералиевич,Ерболат Ақбергенұлы қатысып жылы лебіздерін білдірді.

23.12.2019

«Алтын сақа»

Жыл сайын дәстүрге айналған қалалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасына мектебіміздің 6 «Д» сынып оқушысы Мақсұт Нұрмұхаммад қатысып, өз білімі мен білігіне сүйене отырып, оза шапты. Нұрмұхаммад және жетекшісі Азатхан Маржангүл жүлделі ІІ дәрежелі диплом және ақшалай 10000 теңге сыйлыққа ие болды. Білім додасында жеңіске жеткен оқушымызға және пән мұғаліміне алдағы асуларды бағындыра беруіне тілектеспіз.