12.12.19 - № 14 МГ «Критериалды бағалау - тиімді оқытудың негізгі құралы » тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде ҚР тәуелсіздік күніне арналған декада өтті . Мектеп кітапханашы Канафина А.« Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» тақырыбына кітап көрмесін ұйымдастырды.Шығарма, қабырға газеті байқауында жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды. Тәуелсіздік күніне арнап дене шынықтыру пәні мұғалімдері грек-рим күресін ұйымдастырды. Мектеп оқушылары әр салмақ бойынша марапатталды. Тақырыптық линейка «Отанымыз бар, ол-Тәуелсіздік Қазақстан!»12 желтоқсан «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты концерт өтті. Концерт «Сұлу саз»ансамблімен ашылды. Бағдарламада ән, қазақ биі, сахналық көрініс, халық әні «Еркем ай», соныңда әнмен «Туған елім» аяқталды.Концертке ата-аналар де қатысты.

«ЕЛІМ ДЕП СОҚСЫН ЖҮРЕГІҢ»
Бүгін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Елім деп соқсын жүрегің» атты қысқаметражды фильмдердің қалалық бірінші байқауының марапаттау рәсімі өтті. Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Мейірбай Әйгерім «ҮЗДІК КИНОЖУРНАЛ» номинациясы бойынша І ОРЫН иеленіп, арнайы ДИПЛОММЕН марапатталды. Қысқаметражды фильмді түсіруге белсене қатысқан оқушылар мен байқаудың қыр-сырын терең тануда жетекшілері Нұрлан Алтайұлының еңбегі зор. Бүгінгі нәтижелі жеңістерімен құттықтай отырып, әріптесімізге және мектебіміздің шығармашыл шәкірттеріне алғысымызды білдіреміз

"ЖАС ДАРЫН" ӨНЕР БАЙҚАУЫ
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің "ЖАС ЕКПІН" дәстүрлі әншілер ансамблі VII Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған "ЖАС ДАРЫН" өнер байқауында ерекше өнер көрсетіп, І ОРЫН иеленді. Жас екпіннің жеңісімен құттықтай отырып, өнер жолында тек қана ақ жол тілейміз!

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі ювенальдық полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты Төреханов Бақытжан Ерланұлы «Жолда абай бол балақай» тақырыбында жолда жүру ережесін түсіндірме әңгіме өткізді
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары
Конференцияның тақырыбы: «Дінмұхамед Қонаевтың жеке дәуірі». Модераторлар тарих пәні мұғалімдері Жаханова Р.М., Айткуженова С.Е.
Тәуелсіздік күніне арналған Жамбыл білім бөлімінің жоспарын негізге ала отырып, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі " КММ оқушылары мен ұстаздары Жаңажол ауылының Ғабит мұражайымен танысып, жақсы әсер алып, демалып келді.
2019 жылғы 18 - 19 желтоқсан аралығында, Өрнек ауылы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыруға, оларды жұмысқа орналастыруға және денсаулық сақтау мекемелерінде қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған «Жасөспірім-2019» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
"Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі" КММ бойынша Тәуелсіздік күніне арналған шаралар өткізілді. Кітапханашы Осипова Ж.А. кітапханада кітаптар көрмесін ұйымдастырып, оқушыларды газет,кітаптармен таныстырды.