Алтын - ұя 31 мектебінде Тәуелсіздіктің жиырма сегіз жылдығына орай «Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын» іс -шара өткізілді. Оқушыларымыз белсенді қатыса отыра еліміздің болашағы жастардын қолында екенін ұғынды. Тәуелсіздік күні құтты болсын.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарих пәні мұғалімі Ахметова Гулмира Мухитбекқызы 7 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіз ел- сандық технология" тақырыбы бойынша пікір талас өткізді. Пікір талас алаңы өте тартысты болып, тақырып қызу талқыға салынды. Себебі сандық технологияның алғашқы қадамы мектеп оқушыларынан басталады. Бірі еліміздің әлемдік деңгейде қарыштап дамуы үшін акпараттық сандық технология керек десе, екінші топ техниканың адам өміріне араласуы адамгершілік құндылықтарды жойып жіберу қатеріне әкеліп соғатынын басып айтты. Әр топ өз ойлары бойынша саралы тұжырым жасады. Көптеген мәселе қозғалды. Ендігі таңдау болашақ жастардың өз қолында...

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында

Мемлекетіміздің қастерлі мерекесі тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімдері оқушылармен бірлесе "Ғимараттар үлгісі" көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрменің мақсаты оқушылардың қиялын шығармашылығымен ұштастыру. Идеяны жүзеге асыру. Нәтижесі көңіл толарлықтай болды. Оқушылардың бірі дайын ғимарат үлгісін салса, енді бірі болашақ елмізден көргісі келетін қайталанбас архитектуралық нысандар жасаған. Жұмыстар бағаланып, оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.

"Лавровка ОМ" КММ Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар өтті. "Менің мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан" викторинасы, "Бір шаңырақ астында" сынып сағаттары, "Тәуелсіздік шыңы" суреткөрмесі, "Қазақстан - Мәңгілік Ел!"сонымен қатар"Тәуелсіздік тұғыры астында" мерекелік концерт.

№65 мектеп-гимназиясында желтоқсанның 13 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған " Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік " атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты – оқушыларға еліміздің өз тәуелсіздігін алу жолы мен осы егемендік туы астында жеткен жетістіктермен таныстыру, алдағы уақытқа қойылып отырған мақсаттар мен міндеттер жайлы ақпарат бере отырып, жасөспірімдерді отанын сүюге тәрбиелеу болып табылады. Сондай-ақ 1-11 сыныптар арасында бірыңғай сынып сағаттары өткізілсе, бастауыш сынып оқушылары арасында сурет сайысы, 5-11 сыныптар үшін көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар №1 балалар музыкалық мектебі филиалының ұстаздары Абдрахманова А.Т., Сыздыкбаева А.М. «Тәуелсіздік Тұғырым» атты іс-шара өткізді.