Меню KDT

Новости

Главная Новости

13.12.2019

Бастауыш сынып бірлестігінің екінші күні Тілдер күніне орай «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі»

Бастауыш сынып бірлестігінің  екінші күні Тілдер күніне орай «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» деп аталды. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға ,сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге  баулуға тәрбиелеу мақсатында әр сыныптарда тілдің құдіреттілігін сезінуге арналған сайыстар ұйымдастырылды. 1- сыныптар арасында «Өнер алды-қызыл тіл» мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысты Қайырбекова С.Рахимжанова Р.Б ұйымдастырды. Оқушылар  екпінді дұрыс қоя біліп, дауыс мәнерін меңгерту мақсатында өткен сайыс тартысты өтті. Топ жарып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды.2 сыныптар арасында «мың бір мақал» атты сайысты Қуатова Б.Н.,Беркімбаева К ұйымдастырды. Оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге тәрбиелеу мақсатында өткен сайыс тартымды өтті.3- сыныптар бойынша сахналық қойылым болды. 3- сынып жетекшілері Арыстанова Қ.А., Туребекова Е.С.,Ерғалиева А ұйымдастырған  сахналық қойылымға барлық сыныптар ат салысты.Оқушылардың сахналық өзін ұстауы, рөлге бар жан-тәнімен кіріп ойнауы  қойылымды қызықты, тартымды етті.4сыныптар арасында  «Тіл -татулықтың тірегі»  атты командалық сайыс өтті.Шайбекова С.А., Жуламанова Т  ұйымдастырған сайыс қызықты өтті. Қазіргі қазақ тілінің дәрежесін көтеру, дұрыс, анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізе білу мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада топ жарған командалар болды. Үздік деп танылған топ  марапатталды.

13.12.2019

Тәуелсіз елдің азаматымын

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай

13.12.2019

Көшбасшылық сабағы

29 қараша күні Аксеновка орта мектебінде 1-4 сынып оқушылары арасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған " кошбасшылық сағаты " атты сынып сағаттары өтті.

13.12.2019

Ата-аналар тәрбие сағатын өткізді

Ата-аналар тәрбие сағатын өткізді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздіктің ұраны – ел мен халық. Өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.

Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы - дені сау ұрпақтың қолында, екендігін де естен шығармаған жөн. Әрине болашақ ұрпақтың, яғни балалардың денсаулығы біз үшін бірінші орында тұрады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деп дана халқымыз тектен-текке айтпаған. Адам – өз өмірінің суретшісі, денсаулығының сақшысы. Денсаулық – теңдесіз байлық. Оны ешқандай дүниемен алмастыруға болмайды. Сондықтан денсаулығымызды күту – біздің ең бірінші міндетіміз.

Осыны негізге ала отырып, бүгін 2019 жылдың 13 желтоқсан күні «Денсаулық» тақырыбында 8Е сыныбының аналары мектепте тәрбие сағатын өткізді. Мақсат: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру; балаларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Тәрбие сағатының екінші қыры да бар. Бұл «Ата - ана, оқушы, мұғалім» үштік одағының ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту. Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы қарым – қатынасты нығайту, бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.

Тәуелсіздігіміздің жалғасы - бүгінгі балаларымыздың дені сау болсын, жұртымыз аман болсын!

8Е сыныбының жетекшісі: Алдажар Гүлжан Жиениқызы

13.12.2019

Ұлы ақын Абайдың туғанына 175 жыл

28 қараша күні Аксеновка орта мектебінде мұғалімдері  арасындаы  мəнерлеп оқу сайысы өтті. 175 жыл Абай Кұнанбаевтың шығармашылығы.

13.12.2019

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.