Меню KDT

Новости

Главная Новости

12.12.2019

"Отаным деп соғады жүрегім" патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы

12 желтоқсан Айтуар негізгі орта мектебінде география пәні мұғалімі Абдрешова Венера Төлегенқызының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай  "Отаным деп соғады жүрегім" патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы өтті.

12.12.2019

«Тәуелсіздіктің Ұланымыз»

№65 мектеп-гимназиясында желтоқсанның 12 күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдаудың салтанатты жиыны болып өтті. Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттыққа, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлыққа баулу, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті жетілдіріп, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуметін қалыптастыру. «Жас Ұлан» ұйымына 5-ші сынып оқушылары арасынан «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған 45 оқу үздіктері қабылданды.

12.12.2019

"Педагогикалық идеялар панорамасы-2019"

11.12 күні Нұр-Сұлтан қаласында "Өрлеу" білікті арттыру ұлттық орталығында "Педагогикалық идеялар панорамасы-2019" республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқаудан менде құралақан қалмадым. Республикалық кезеңге қатысқаны үшін Алғыс хат алдым. Өте қуаныштымын осындай көлемді, мұғалімге көп тәжірибе беретін сайысқа қатысқаныма

12.12.2019

"Критериалды бағалау - тиімді оқытудың негізгі құралы" тақырыбында кластер

12-желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы, #49 орта мектебінде "Критериалды бағалау - тиімді оқытудың негізгі құралы" тақырыбында кластер мектептердің бірлескен қалалық семинары өтті. Семинар барысында #8, #42, #49, #61 және #64 мектептердің 16 ұстазы әр түрлі пәндерден сабақтар өткізіп, тағы бірнеше ұстаздар қауымы коучингтер мен шебер сыныптар ұйымдастырып өткізді.