Меню KDT

Новости

Главная Новости

03.12.2019

«Электронды үкімет» тиімділігі

Мектебіміздің сегізінші және тоғызыншы сыныптарға «Электронды үкімет» тиімділігі түсіндірілді

«Электронды үкімет» веб-порталында электронды қызметтерді пайдалану және ЭЦҚ алу тәртібін түсіндіру үшін мектептің информатика пәні мұғалімі Жолдасова А. 8-9 сынып оқушыларымен кездесіп, жиын өткізді. Түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

Бүгінде Қазақстанда электронды үкіметті қалыптастырудың нақты нәтижелері қызмет түрін тұтынушыларға уақыт үнемдеуге, кейбір жағдайларда жолақысына жұмсалатын қаражат үнемдеуге мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекеттік қызметші тарапынан болатын ықтимал сыбайластық, дөрекілік, қарымта ақы сұрау сынды келеңсіздіктердің жолын бөгеуге септігін тигізіп, қызмет көрсету үдерісін біршама жеңілдетіп отырғандығы да айдан анық. Осы күні жетілдіріліп, жаңа сапалық деңгейге көтерілген қызметтерге «Электрондық Үкімет» бағдарламасының аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

03.12.2019

«27 мектеп аруы» атты мектепшілік сұлулық байқауы

«27 мектеп аруы» атты мектепшілік сұлулық байқауы

03.12.2019

«Спорт және дене шынықтыру - бұл ең жақсы мәдениет!»

«Спорт және дене шынықтыру - бұл ең жақсы мәдениет!»

03.12.2019

30 қараша күні мектебіміздің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Байулова Гүлназия Сабырқызы, география пәнінің ардагер-ұстазы Шоқатова Ғалия Шүкенқызы, шебер-педагог Ермаганбетова Гүлшат Борисқызы ҚР Ұлттық музейінде "Қазақ География" республикалық қоғамдық бірлестігінің V сьездіне делегат болып қатысты.

30 қараша күні мектебіміздің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Байулова Гүлназия Сабырқызы, география пәнінің ардагер-ұстазы Шоқатова Ғалия Шүкенқызы, шебер-педагог Ермаганбетова Гүлшат Борисқызы ҚР Ұлттық музейінде "Қазақ География" республикалық қоғамдық бірлестігінің V сьездіне делегат болып қатысты.

03.12.2019

Тәрбие сағаты: «Н.Ә.Назарбаев-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»

Мақсаты: «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

03.12.2019

Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу, өскелең ұрпақты өз халқын, еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге, өмірдің жоғары жауапкершілігі

02.12.2019

"STAR LINE” БАЙҚАУЫ

"STAR LINE” БАЙҚАУЫ
Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің "Gold Step" хореографиялық ансамблінің ең кішкентай бүлдіршіндері  "Star Line" байқауына қатысып, өзіндік ерекшелігімен танылып, ІІ ОРЫН иеленсе, орта буын оқушыларынан құрылған ансамбль ІІІ ОРЫН иеленді. Қысқа мерзімде бишілерді тәрбиелеп, сахнаға шыңдалуына үлес қосқан, еңбек еткен жетекшілері Молдир Курегеноваға алғыс білдіреміз.

02.12.2019

КІШКЕНТАЙ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!
КІШКЕНТАЙ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде спортқа жаны құмар шәкірттеріміз мол. Солардың бірі 4"а" сынып оқушысы Фархат Қуандық. Алты жасынан жан-жақты каратэмен айналысып келе жатқан Қуандықтың бұған дейін де жарыстардан үнемі жеңіспен оралып жүргенін білеміз. Бүгінгі жеңіс - ерекше жеңіс.  11 мемлекет қатысқан Алматы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер турнирінде Фархат Қуандық АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ атанып келді. "Баласы бәйгеге қосылса, анасы үйде отырып тақымын қысады" дейді қазақ. Әріптесіміз Куляш Эсалиевнаны бауыр еті баласының бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, 9 жасар чемпион шәкіртіміздің алар асулары көп болсын дейміз. Қуандықтың бүгінгі қуанышын бөлісе отырып, барлық педагогикалық ұжымның атынан "Жарайсың, Қуандық! Көк байрағымызды желбіреткен жеңісің құтты болсын!" дейміз.

02.12.2019

"Елі сүйген Елбасы"

Құттықтаймыз!

Қалалық 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай өткен "Елі сүйген Елбасы" зияткерлік сайысында мектебіміздің "Алаш" командасы ІІ дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталды. Топ құрамында 10 "А" сынып оқушылары Қаратай Құралай, Боранбай Асылжан, Авилбекова Диана. Жетекшісі: Момынов М. Ү.

01.12.2019

"ШЫРҚА ДАУЫСЫМ" І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

"ШЫРҚА ДАУЫСЫМ" І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің дәстүрлі әншілері Ахметбекова Раяна, Мұратқызы Гаухар, Тұрғанбай Назым, Ғарифулла Мансур І Республикалық "Шырқа дауысым" атты дәстүрлі әншілер байқауына қатысып,  арнайы Грамотамен марапатталса, Болатханов Ислам ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды. Жетекшісі Ахмедияр Нұрдәулет Түгелбайұлын және әнші шәкірттерімізді құттықтай отырып, алдағы алар асулары мол болсын дейміз.

01.12.2019

Тұрғындармен мерекелік кездесу

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай бастауыш сынып оқушылары қаламыздың байырғы тұрғындары Ануарбекова Гүлназия Ануарбекқызы мен Акишева Қаншай Білалқызымен кездесті.