ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН. ЕЛБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 7-сыныптардың қатысуымен "Ұлт көшбасшысы" тақырыбымен ашық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының прологы тақырыптық бейнефильммен басталып, елбасының ел игілігі үшін жасаған еңбектерін саралаумен жалғасын тапты. Оқушылар "президент" сөзінің шығу тарихын талдап, "Балалық шағымның аспаны" фильмі аясында пікірлерін білдірді. Сонымен бірге, оқушыларымыз елбасының өздері білетін нақыл сөздерінен үзінді оқып, балалық түсініктерін білдірді. Елбасына арналған өлең шумақтары айтылып, сүйікті әндері орындалды. Қорытындысы қазақтың киіз үйіне негізделді. Кішкентай киіз үй - оқушының шағын әлемі, үлкен киіз үй - бейбіт мемлекет ретінде оқушы назарына ұсынылып, шәкірттердің қорытынды пікірлері тыңдалды. Оқушылардың өз бетімен ізденудегі, ойын сенімді әрі таза жеткізудегі деңгейлері жоғары дәрежеде болды. Мазмұны терең әрі жан-жақты сынып сағатын ұйымдастырудағы біліктіліктері мен ізденістері үшін әріптестеріміз Гүлмира Жарқынбекқызы мен Гульнар Ораковнаға алғыс білдіреміз.

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕКТЕРІНЕН...
29 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің кітапханасында «Елбасының елеулі еңбектерінен» тақырыбымен елбасы қаламынан туындаған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қорынан 50-ге жуық еңбектері қойылып, тарих пәні мұғалімдері Сауле Убанова мен Меруерт Рахимжанованың түсіндіруімен жүзеге асырылды. Көрме жоғары сынып оқушыларының, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткізілді. Елбасының мемлекеттің даму жолдары үшін жазылған еңбектері мен ел тарихын зерттеулері тыңдарман назарына ұсынылып, әр кітаптың қысқаша мазмұны туралы сөз қозғалды.

Президент күніне орай "Алға!" тақырыбында мектептің дене шынықтыру мұғалімі Сұлтан Ұлан ұлттық ойындарды оқушылармен бірге ойнатып, тамашалатты. Ойын – мектеп балаларының іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әрктін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады.

Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.

Тұңғыш Президент күніне арналған акция өтті.

Сегізінші сынып жетекшісі Исманова С.А. «Елбасы - жаһандық көшбасшы» тақырыбында тақырыптқ линейка өткізді.

Негізгі мақсаты: Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік беру,

Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.

1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні сценариі

Көшбасшы сабақ тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

"Үлгі тұтар тұлға" көшбасшы танымдық сабақ

Көшбасшылық қабілеттерін мектеп табалдырығынан бастап қалыптастыру қажет. Бұл кезекте мектептегі білім ордасының орны ерекше. «Белгілі ақын Е.Зікібаев мектебінде «көшбасшы сабағы» тақырыбында оқушылардың қатысуымен жиын өтті. Танымдық сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазіргі ғылыми білім негізінде дүние жүзінің өркениет құндылықтармен қаруландыруға ниеттерін қалыптастырып, оқушылардың жан-жақты білімін дамытып болашаққа мамандық қабілеттерін шыңдау болып келеді.

Сабаққа мектебіміздің қарт ұстазы, зейнеткер Момунова Бекзат Мухамедрахимовна қатысты. Оқу ошағының сынып жетекшілері ауылдың беделді зейнеткер ұстазбен тілдесуге мүмкіндік алды. Бұл жылдағы мектепте қалыптасқан дәстүрлі кездесу сағаты.