29 қараша күні біздің мектепте "Қазіргі заманғы Қазақстан. Көшбасшылық сабақтары Елбасы" атты ашық сабақтар өткізілді
№72 мектеп-лицейінде 2019 жылдың 29 қараша күні Қазақстан Республикасы «Қазіргі Қазақстан Елбасшы Көшбасшылығының сабақтары» атты бірыңғай ашық тәрбие сағаты өтті.
Онкүндік аясында барлық сыныпта ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өтілуде. Мұғалімдер заман талабына сай білім, білік, дағдыларын ортаға салып, өз тәжірибелерімен алмасуда , керемет озық, жаңа идеяларымен бөлісуде. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында игерген әдістерімен жаңашыл мұғалім екендіктерін дәлелдеп келеді.
1 желтоқсан Тұнғыш Президент күніне орай, "Айбын" президенттік полкінің запастағы полковнигі Ахтанов Қамбар Қинаятұлымен кездесу өтті. Кездесуде Тұңғыш Президент еңбек жолы айтылып, сарбаздар тарапынан мерекелік ән-шашу шашылды.
2019 жылдың 29 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Тұңғыш Президент күніне орай 1-4 сынып оқушыларымен
2019 жылдың 28 қарашасында № 48 мектеп-лицейде «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш елбасы» тақырыбында барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өтті. Оқушыларды ұлтжандылыққа, рухани адамгершілікке, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің акт залында Еуразия Ұлттық Университетінің тарих кафедрасының оқутушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Садықов Тлеген Садықұлы қонаққа келді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер, балалық шақтағы өмір жолынан бастап ,ел басқаруға дейінгі басып өткен әрбір кезеңдері туралы айтылды. Ерінбей еткен еңбегі мен төккен тердің зая кетпейтіндігін ,әрбір жасаған бейнеттің, зейнеті болатындығы жөнінде бейнебаян көрсетілді. Оқушыларымыз тұңғыш Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екендігін, сонымен қатар елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан дара тұлға екенін түсінетіндері, елбасы жайлы қойылған әрбір сұрақтарға жауап бергендерінен көрінді. Осындай игі істер жалғасын таба берері сөзсіз.