МУЗЫКАЛЫҚ ЭКОБАТЛ – 37
22 қараша күні «Қайта өңдеуге» («Vпереработку») экологиялық бастамалар аясында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің әнсүйер жастары музыкалық экотабл шарасын өткізді. Он шақты жастардан құрылған шағын ансамбль «Туған елім» әнін бірге орындау арқылы «туған жер», «туған ел», «Қазақстан» тақырыбын дәріптеді және бүгінгі экологиялық бастамаларға әнмен үн қосты.
«ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР...
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 22 қараша күні экологиялық бағыттағы бірнеше шара қатар жүзеге асырылды. Мектептің 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен екі ауысымда пластик пен қағаз қалдықтарын жинаудан байқау жарияланды. Нәтижесінде 111 кг. пластик пен 1724 кг. қағаз қалдықтары жиналды. Оқушылар бүгінгі шараға ерекше қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Мақсатымыз, экологиялық мәдениетті көтеруде қоқысты сұрыптап жинай отырып, екінші өмір сыйлауға мүмкіндік жасауға үйрету. Байқау қорытындысы төмендегідей көрсеткіш беріп отыр.
І ОРЫН – 8 «Е» сынып. Сынып жетекшісі Баймағанбетов Руслан Тлепұлы.
189 кг.
ІІ ОРЫН – 10 «В» сынып. Сынып жетекшісі: Серикбекова Бибигуль Асылбековна. 79,5 кг.
ІІІ ОРЫН – 6 «Д» сынып. Сынып жетекшісі: Жумажанова Нұрсұлу Жанбулатовна 66 кг.
ІҮ ОРЫН – 7 «Ж» сынып. Сынып жетекшісі: Билял Медет Жаксылыкович. 43 кг.
Ү ОРЫН – 9 «Е» сынып. Сынып жетекшісі: Муканова Дина Мельдешевна.
40 кг.
Бүгінгі шараға атсалысқан барлық оқушыларымызға алғыс білдіре отырып, «Біз туған жердің тазалығы үшін біргеміз!» деген үндеу жасаймыз.

Бүгін С. Мауленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 3 «Д» сынып жетекшісі Г.В.Траксель «Бақытты балалық шақ» атты саяхат түрінде, ата-аналармен біріккен сынып сағатын өткізді. Шараның мақсаты өзін-өзі тану қабілеттерін дамыту мен өзінің және басқалардың жан дүниесін түсінуге үйрету.

Сынып сағатында оқушылар «Бақыт» сөзіне анықтама беріп, өз ойларын ортаға салды, тақпақтар айтып, «Мы хотим, чтобы птицы пели» әнін орындады. Оқушылар белсенділіктері мен өздеріне сенімділіктерін көрсетті. Ата-аналар бір бекеттен «Баланы қалай бақытты етіп тәрбиелеу керек екені» туралы кеңес алды. Сынып сағаты өте көңілді, нәтижелі өтті.

Қазақстанда БҰҰ дамытудың бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» жобасын орындау аясында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Жас ұлан» РҚҰ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен білім беру ұйымдары арасында «Менің эко-мектебім» бірлескен бастамасының «Қайта өңдеу» акциясы бойынша 7-8 сыныптар арасында «Экоквест» өткізілді. Қорытындысы бойынша 7 «Д» сынып оқушылары І-орынды иеленді. Жеңімпаздар төсбелгі мен дипломдармен марапатталды. Аталған бастама аясында №48 мектеп-лицейде барлық сыныптарда «Эко күн» тақырыбында ашық сабақтар өтті.

Ағылшын тілі пәні әдістемелік декадасы

Мерзімі (07.10.2019- 18.10.2019)

07.10-18.10.19ж аралығында ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінде “Colors of the world” атты онкүндік өтті.

Басты мақсаты: Ағылшын тілін оқытуда заманауи технологиялар мен әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың ағылшын тілін үйренуге талпынысы артады, түрлі сайыстарға қатысуға мотивация пайда болады.

Білім бөлімі А.Ж. қазан айында "Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында күзгі-қысқы кезеңде оқу сабақтарын тоқтату туралы (29.10.2019 ж. № 1214) бұйрық жіберілгенін ЕСКЕРТЕДІ

«Афонькино орта мектебі» КММ РАҚ аясында «Қатыгездік пен зарлық-залбылықсыз балалық шақ» іс-шарасы өтілді.

Келесі мерекелік іс-шараларға:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу жылы аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп «Ата-аналарға арналған бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі» жадынамасын әзірледі.

2019 жылдың 22 қараша күні №56 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент мұражайы және қала №8,40,58,80 мектептерімен бірлескен Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасының өмірбаяны және жасампаз идеялары» атты оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарына арналған қалалық шара өтті.