Меню KDT

Новости

Главная Новости

07.11.2019

"Алтын күз" мерекесі

Бүгін 7 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 1 "З" және 3"З" сыныптарында "Алтын күз" мерекесі өтті. Мерекеге 1 "З" сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған ұсақ-түйектер дайындады.  Балалар би билеп, ән айтып, тақпақтар оқыды, ойындар ойнады, Күз сыйы туралы жұмбақтар шешті және күзді жібергісі келмеді. Мереке өте ұнады. 3 "З" сынып оқушылары үшін "Алтын күз"мерекесіне арналған қыздар арасында сайыс өткізілді. Байқау 4 кезеңнен тұрды.:

1этап – Шығармашылығы

2 кезең-Костюм

3 кезең –Сәндік-қолданбалы өнер

4 кезең – Қосымша материалдардан киім тігу.  Сайыс қорытындысы бойынша "Алтын күз" аруы, "Очарование", "Қолөнер шебері", "Жұлдызша", "Күз Таланты"а руы номинациялары бойынша мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.

07.11.2019

«АБЫЗ ДОМБЫРА» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНАН СҮЙІНШІ ХАБАР!

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы талантты оқушыларының арасында аспапта орындайтын өнерпаздардың қазақ ән-күйлерінің шығу тарихын білу, сөйлеу және әнгімелеу мәдениетін дамыту, мектеп оқушыларын халық мәдениетіне баулу, қазақ халқының ән-күй өнерін насихаттау мақсатында  өтетін «АБЫЗ ДОМБЫРА» ҮІ қалалық КҮЙШІЛЕР МЕН ӘН-ТЕРМЕШІЛЕР байқауы өтті. Байқауға Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінен екі оқушы қатысып, екеуі де жүлделі орын алып келді. Мектептің қазіргі таңдағы бас күйшісі Рахимова Әмина БАС ЖҮЛДЕ, Айдосұлы Жасұлан ІІІ ОРЫН иеленіп, мектеп абыройына өзіндік үлестерін қосты. Осы таланттарды кішкентайынан күй өнеріне баптап келе жатқан ұстазы, әріптесіміз Роза Қалыпбайқызына ерекше алғысымызды білдіре отырып, бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз!

Ән-термеші жанры бойынша кішкентай дәстүрлі әншіміз Болатханов Ислам қатысып, тағы бiр БАС ЖҮЛДЕНІ қанжығасына байлап келді. Бұл байқауда Ислам өзінің әншілігімен қатар, орындап отырған әнінің шығу тарихын толық білетіндігімен және ән тарихын қазақтың өз сөзімен әдемі жеткізе алатындығымен ерекшеленді. Исламды соңғы екі жылдан бері жетекшісі Ахмедияр Нұрдәулет өнер жолына тәрбиелеп, бәйгеге қосып жүр.

Бүгінгі жеңісті сәттерімен талантты оқушыраымызды да, ұстаздарын да шын жүректен құттықтаймыз!

«Ынталы оқырман »

6- қарашада кітапханада «3Ә», «3Ғ», «3Ж» сыныптар арасында «Ынталы оқырман » сайысы өтті.  Іс – шара ойын түрінде жүргізілді. Үш топ құрылып,1) мақалдың жалғасын тап, 2) 3Д –кітап жасау, 3) әдеби джем, 4) уй тапсырмасы түрінде болды.