Меню KDT

Новости

Главная Новости

02.11.2019

БАУЫРЖАНТАНУ САЯХАТЫ

Қазан айының 28-інен бастап мектеп-лицейдің бір топ оқушылары мен ұстаздары Бауыржан Момышұлының туған жеріне барып, толық танысып, баба әруағына тағзым ету ниетінде жолға шықты. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының туып өскен жері Жуалыға бардық. Батыр атамыздың мемориалдық музейін аралап, көптеген маңызды ақпараттарға қанығып, батыр тұлғаның көзі тірісінде тұтынған заттарын, жиһаздарын, жазған кітаптарын, киген әскери киімдерін көріп, өз қолымен жазған хатын оқыдық. Отбасы жайлы да мағлұматтар алдық. Бауыржан бабамыздың әкесі Момыштың бұлағына арнайы барып, бұлақ басынан жақсы ырымға балап су алдық. Ауылдағы Құлый баба мешітіне кіріп, Бауыржан атамыздың рухына құран бағыштатып шықтық. Балалар өздеріне керемет әсер алып, батырдың туып өскен жерімен, ауылымен танысты. Балалардың көпшілігі Жамбыл өңіріне алғаш рет қадам басқандар.

02.11.2019

Назарбаев Университеті жанында өткен "STEM- білімдегі инновация" тақырыбындағы республикалық олимпиадасынан оқушыларымыз жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді

Назарбаев Университеті ұйымдастыруымен "STEM- БІЛІМДЕГІ ИННОВАЦИЯ"  тақырыбында өткен бірінші республикалық олимпиадасынан оқушыларымыз жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді.

02.11.2019

Ата- аналар жиналысы өтті

2.11.С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда мектепішілік және сыныпішілік ата- аналар жиналысы өтті.

01.11.2019

№21 мектептегі 3-4 сынып арасында математика пәнінен мектепішілік олимпиада туралы

2019 жылдың 26 қазанында №21 мектепте 3-4 сынып оқушылар арасында математика пәнінен 1 тур олимпиадасы өтті.

Ұсынылған танымдық, логикалық тапсырмалар талаптарға және де жас ерекшеліктеріне  сай құрастырылған. Барлығы қатысқан 21 оқушы. Соның ішінде ең жоғары көрсеткіштері оқушылар тізімі төменде:

01.11.2019

"Заманауи білім беру жағдайындағы мектептің тәрбие қызметі"

2-ші тоқсанның қарсаңында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде "Заманауи білім беру жағдайындағы мектептің тәрбие қызметі" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. 2019-2020 оқу жылының 1-ші тоқсанында оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының қорытындысы шығарылды. Өткен оқу жылының 1 тоқсанымен салыстырғанда білім сапасын арттыру болса да, кейбір сыныптарда пән мұғалімдері мен ата-аналарды тарта отырып, жекелеген оқушылармен сараланған жұмыс жүргізу қажет. Мектеп мәдениеті және мектептің тәрбие қызметі мәселелері көтерілді. Бұл бағытта 2019-2020 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатқа көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және мектеп асханасының жұмысы күнделікті бақылауда тұр. Мектеп ұжымының эмоционалдық денсаулығы және оқушылардың оқуға деген уәждемесі бүгінгі білім беру жүйесінің негізін құрайды. Бүгінгі педкеңестің мәселелері бойынша қамқоршылық кеңесінің жаңа төрағасы  Әбдижалилов Атахан Усманханұлы ерекше пікір білдірді. Ол барлық сөздерін мұқият тыңдап, сұрақтар қойды, лицей және жалпы білім беру сыныптарында білім сапасын теңестіруге өз көзқарасын білдірді. Педкеңестің ұсыныстары оқытудың сапасын, педагогтардың, оқушылардың эмоциялық жағдайын, ата-аналармен жұмыс істеуді, жалпы оқу-тәрбие процесін жақсартуға бағытталған.

Педкеңес аяқталғаннан кейін мектеп педагогтарына мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында мұғалімдер өз әріптестерінің жаңа аймақтардағы, жаңа кабинеттердегі жұмысымен, оқушыларға арналған зерттеу жұмыстарының мүмкіндіктерімен, сонымен қатар жоба бойынша мектеп жұмысымен танысты.