Бүгін 19.10.2019 жыл №65 мектеп-гимназиясында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ұлы Дала өркениеті-атқа міну дәстүрі" атты қалалық семинар болып өтті. Іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасының қолдауымен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында ат әбзелдерінің көрмесі, атқа міну практикалық сабақтары, интеллектуалды сайыстар, ұлттық спорт ойындарын өткізу, батырлар жырын насихаттау, меморандумға қол қою шаралары өткізілді.

Құрметті, ата-аналар және оқушылар!!! Қазан айының 19-жұлдызында мектебімізде «Shug’yla» COMMUNITY орталығының ашылу салтанаты болғандығын естеріңізге тағы да сала кетеміз. Орталықтың арнайы ашылу салтанатына «Шұғыла» қосымша білім беру орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы оқушылар сарайының директоры Іргебай Ербол Ісләмұлы қонақ ретінде қатысты. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған бұл үйірмелердің жұмысына тек сәттілік тілей отырып, жағымды нәтижелер ғана күтетін боламыз.

19 қазан күні киелі білім ордасы №52 мектеп-гимназиясында «Арайлы алтын күз» атты күзгі балл кеші өтті. Күзгі балл кеші 7-8 сыныптар арасында және 9-10 сыныптар арасында өткізілді. Сайыс түрінде өткізілген күзгі кешіміз
Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицей оқушыларының ата-аналарына арналған ПЕДУНИВЕРСИТЕТ өтті.
ПЕДУНИВЕРСИТЕТІҢ мақсаты- ата-аналарды бірінші тоқсан бойынша, БЖБ жұмыстарының нәтижесімен таныстыру, болашаққа кеңес беру болды.
Қорытылай келгенде осындай іс- шаралар өте тиімді, өйткені ата-аналар мұғалімдермен кездесіп талай сұрақтарды шеше алады. Бүгін ата-аналардың алғысы шексіз. Осындай іс шараны ұйымдастырған үшін мектеп әкімшілігіне: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарыларына Ергалиев Х. К. мен Алимова З. С. алғысын білдірді.
Ағымдағы жылдың 19 қазан күні 3-4 сынып оқушыларына арналған қалалық «Математикалық сайыс» конкурсы өтті. Сайысты «Астана Дарыны» дамыту және психологиялық сүйемделу орталығы ұйымдастырды.