Меню KDT

Новости

Главная Новости

15.10.2019

«Қыз бұрымымен көрікті»

Қазанның 11 күні  Нұр-Сұлтан қаласы, №63 мектеп-гимназиясының 7-сынып қыздары аралығында  «Қыз бұрымымен көрікті» атты  тәрбие сағаты  өтті. Өткізген: 7 «А» сынып жетекшісі  Муксинова А.С. Тәрбие сағаты тартымды,әсерлі өтті. Сыныптар топқа бөлініп,әр сынып өздерінің күнделікті шашты өру,жинақтау үлгілерімен танысып, өз жұмыстарын қорғады.

15.10.2019

Құттықтаймыз!

Нұр-Сұлтан қаласы №63 мектеп-гимназиясының 6 «Д»  сынып оқушысы Даутова Айшолпан Түркия мемлекетінің Аланья қаласында  бірінші халықаралық орындаушылар  «Global music competition» байқауына  қатысты. Байқау: ақын, жазушы, ағартушы ұлы Абайдың құрметіне  орай ұйымдастырылды. Конкурс барысында Абайдың шығармалары орындалды.  Байқауға Грузия,Түркия, Болгария және Қазақстан мемлекеттері қатысты.  Біздің Айшолпан қызымыз эстрадалық вокал номинациясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

14.10.2019

Халықаралық қыздар күні

2019 жылдың  4 қазанынан-14 қазанға дейін КММ Лавровка орта мектебінде қыздардың  құқығын мойындау туралы БҰҰ,  Бас Ассамблеясы жариялаған қыздар күніне арналған Республикалық өнкүндік өтті.

14.10.2019

Нұр - Сұлтаннан сәлем

Бүгін 11.10.2019 біздің мектепке "Нұр - Сұлтаннан сәлем" атты жоба қарсаңында 2 мектеп гимназия оқушылары келіп, өз өнерлерін көрсетті . Онымен қоса екі мектеп өзара тәжірибе алмасты. Әртүрлі тренингтер, спорттық ойындардан эстафеталар, тоғызқұмалақ және қол өнерден мастер класстар өткізілді. Өнерлі де, білімді 2 мектеп гимназия оқушылары біздің мектеп оқушыларына үлкен концерт көрсетті. Өздерінің жез таңдай әншілерімен, кереметтей бишілерімен және шебер актерларымен көзге түсті. Сіздерге 69 мектеп - гимназия ұжымы көп-көп алғысын білдіреді!!!

14.10.2019

100 жаңа оқулық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»  жобасы аясында мектебімізде мектеп кітапханашысы Сарбиназ Байбатырқызының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында осы жоба бойынша дайындалған алғашқы кітаптар таныстырылды. Жаңа оқулықтардың эксклюзивті гуманитарлық кітапхана екендігі , электрондық онлайн нұсқада балаларға қарауға болатындығын атап айтты. Аталмыш шараға мектеп басшысы Ануарбек Кенжеболатұлы және балалар ұйымының жетекшісі Марал Жетписбаевна  қатысты.

14.10.2019

Кішкентай ханшайым

Бірлестік орта мектебі  КММ жанындағы шағын орталықта екінші кіші топ бүлдіршіндерінің қатысуымен Егеменді елдің ертеңгі  болашағының  іргесін берік ететін қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру, табиғатты аялап суюге тарбиелеу мақсатында "Кішкентай ханшайым" атты ертеңгілік өткізілді.  Аталмыш шараға ата- аналар мен ұстаздар катысты.

14.10.2019

Қыз бала тәрбиелеудегі ата-ана рөлі

Бірлестік орта мектебінде халықаралық қыздар күніне байланыстыбекітілген жоспарға сай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Онкүндіктің бірінші күні "Қыз бала тәрбиелеудегі ата-ана рөлі " тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Сынып жетекшілері 1-7 сыныптарға "Қыз тәрбиесі мектепте", 1-9 сыныптарға Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жайында сынып сағаттарын өткізді. Мектеп медбикесі 8-11 сынып қыздарына "Жыныстық қатынас денегіміз не?" және ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында психологиялық кеңес берді

14.10.2019

«Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруда мұғалімнің, оқушының, ата – ананың қызметі» тақырыбында оқу семинары

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп» КММ –де 2019 жылдың 11 қазанында «Табыс» кәсіби қоғамдастығының жоспарына сай  кластер аясындаға мектептермен «Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруда мұғалімнің, оқушының, ата – ананың қызметі» тақырыбында оқу семинары өтті.