Меню KDT

Новости

Главная Новости

09.10.2019

3 ә сыныбында «Акпараттык коммуникациялык технологиялар» пәнінен ашық сабақ өткізілді

9 казан 2019ж.куни 3 ә сыныбында «Акпараттык коммуникациялык технологиялар» пәнінен мұғалімдер Абдрахманова Гүлия Серікқызы және Азатова Бақытгүл Азатқызы ашық сабақ өткізді. Балалар топқа бөлініп, қызықты тапсырмалар орындады. Сабақ барысы 4тапсырмадан тұрды: 1.Ақпаратты қабылдау. 2. Қауіпсіздік ережесін түсіндіру. 3. Компьютер құрылғыларын анықтау.4.Комплимент айту. Оқушылар білімдерің жоғары деңгейде көрсете білді.

09.10.2019

Мектебімізде 7-сыныптардың арасында "Бұрымды қыз" арулар сайысы өтті.

Қазақ халқы "қыз" деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың белгісі деп таныған және қыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.
Осыған орай, мектебімізде 7-сыныптардың арасында "Бұрымды қыз" арулар сайысы өтті. Бұл сайыс 6 кезеңнен тұрды. "Эстетикалық талғам" деп аталатын алғашқы кезеңде қатысушы қыздардың киімі, шаштың өрімі, жүріс-тұрысы бағаланды. Екінші кезең таныстырудан кейін, "Қыздың көркі-шашы" деген бөлімде арулар басқа қыздарға шаш үлгісін жасап, қорғап, шашты күтіп өсірудің құпиясымен бөлісті. Одан кейінгі кезеңде қыздарымыз үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын таныстырды.
"Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен"- демекші, сайыскерлердің білімдерін тексеру мақсатында "Зерделінің ойы озық" сұрақ-жауап айдары болды. Қыздар салт-дәстүр, әдебиет және тарихқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерімен ерекшеленді. Сайыстың соңғы әрі шешуші кезеңінде қатысушылар ән айтып,  би билеп, өлең оқып, қолдарынан келетін өнерлерін көрсетті.
Сондай-ақ аруларға жанкүйер болып, қолдап келген достары көрермендерге арнап "Балбырауын" күйін ойнап берді.
Әр кезеңнің ұпай сандарының қорытындысы бойынша, І орынды 7 "А" сынып оқушысы Мухамедиева Алтынай, ІІ орынды 7 "А" сынып оқушысы Тулеубаева Азиза, ІІІ орынды 7 "А"  сынып оқушысы Маралова Аяулым жеңіп алды. Қалған қатысушы қыздар Рысқұлова Диляра 7 "А" сынып оқушысы "Өнерлі қыз", Идрисова Аружан 7 "К" сынып оқушысы "Ибалы қыз" және Жакупова Калима 7 "К" сынып оқушысы  "Көрермен көзайымы" номинацияларымен марапатталды.
Аталған іс-шараны ағылшын тілі пәні мұғалімі Н. С. Нуркенова және математика пәні мұғалімі А. Ә. Ахметова ұйымдастырды.

09.10.2019

Субботник

"Сәбит негізгі орта мектебі"КММ 9 қазанда 2019 жылы сенбілік өтті.Мұғалімдер мен оқушылар мектеп ауласын жинап жұмысқа белсене қатысты.К
ішкентай балалар бізге қарап  мектеп ауласын жинады.

09.10.2019

«Толағай»

2019 жылдың қазан айында «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. «Шынықсаң шымыр боларсың» демекші біздің оқушыларымыздың дені сау, өрісі кең, денсаулығы мықты болып өсуі керек, сондықтан мектебімізде «Толағай»  отбасылар сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 4- сынып оқушылары мен ата-аналар арасынан төрт отбасы   белсене қатысты. Сайыс барысында берілген ойын шарттарын отбасылар қызыға да жарыса орындады. Сайыс өте қызықты өтті. Сайыс соңында бас жүлдені Дозгенбайлар отбасы, бірінші орын Табыновтар отбасы, екінші орын Сәметовтар отбасы, үшінші орын Әбілхайым отбасылары  иеленді.

09.10.2019

«Отбасы алтын-бесігім»

8- 9 сынып оқушылары белсенді атсалысты. 8 Б, 9 Б сынып оқушылары мадақтау қағазымен марапатталды.

09.10.2019

"Біздің батырлар" атты ашық халықаралық байқау

Біздің №3 мектеп-гимназиясының оқушылары "Біздің батырлар" атты ашық халықаралық байқауға белсенді қатысты.

09.10.2019

Ұстаздар күні!

04.10.2019 ж. №14МГ "Ұстаздар мерекесіне" орай мерекелік іс-шара өткізілді.

09.10.2019

№4 мектеп- гимназиясында "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсімі өтті.

№4 мектеп- гимназиясында "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсімі өтті.