1 қазан КММ Аксеновка орта мектебінде қарттар күніне арналған ісөшара өтті. Оқушылар тарапынан музықалық нөмірлер орындалды.2-ші сынып қыздары әжелерге қатысты сценка қойып,әжелеріміз көңілдерін босатты. Концерттен соң мектеп ұжымы асыл қарттарымызды дастархан басына жайғастырды.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Қарасай мен Ағынтай батырлардың кесенесі ашылғанына 20 жыл толуына орай "Батырлар даңқы-бабаларға құрмет"атты ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. сонымен қатар, Аксеновка орта мектебінің мұғалімдері қатысты.
"Денсаулық күніне" орай мектебімізде 1-сынып ата-аналарының арасында "Көңілді старт" сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты-ата-аналардың өздерінің денсаулықтарына көңіл аударту, оның маңыздылығын, құндылығын дәріптеу, мектеп өміріне белсене араластыру.
Қатысушы ата-аналар санына қарай 4 командаға бөлінді. Сайыс денені қыздыратын жаттығулардан басталды. Одан әрі әр команда өздеріне берілген тапсырманы жан-тәнімен орындап, аса белсенділік танытып отырды. Сайыстың қорытындысы шыққанша, ата-аналарға флешмоб ұсынылып, керемет көңіл-күй сыйланды. Жеңімпаз командалар мадақтау қағаздарымен марапатталынды.
Сайысты аса шеберлікпен ұйымдастырған Амиров Нұрсұлтан мен Орақбаева Дамираға, музыкалық сүйемелдеуші Жумабеков Рустемге алғыс білдіреміз.

МЕКТЕПТЕГІ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ - ҚОҒАМҒА ӨНЕГЕ

Бүгін 2019 жылдың 1 қазан күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 5-7 сынып оқушыларымен бірге Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы Жергілікті полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Мұратбекова Ләззат Төкенқызымен және бірнеше полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Ләззат Төкенқызы оқушыларымызға мектептегі ішкі тәртіпті сақтаудың, оқушының ішкі ережеге бағынуының болашақта ересек өмірде қоғамдағы орнын айқындап беретіні туралы түсіндірді. Мектептегі кішкентай тәртіпсіздік үлкен құқықбұзушылыққа әкеп соқтыратынын ескерте отырып, оқушыларымызды тәрбиелі, өнегелі болуға шақырды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқушыларымызға қосымша ақпараттар айтып, қойылған сұрақтарға бала тілімен түсінікті жауап берді.

Мұндай шаралар жаңа ғана үлкен өмірге қадам басып келе жатқан оқушыларымыз үшін маңызды дүние деп санаймыз.

ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!

Бүгін 1 қазан – Халықаралық Қарттар күні. Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде осы күнді ерекше атап өтті. Соңғы бірнеше жылдан бері еңбек демалысына шыққан қадірменді қарттарымыз - педагогикалық еңбек зейнеткерлерін шақырып, қонақ еттік. Кездесуіміз соңғы жылдары мектеп өмірінде болып жатқан жақсы жаңалықтарымыз бен заманауи өзгерістерімізді таныстыру мақсатындағы экскурциядан басталды.

Қарттарым, жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан! –

деп басталған мерекелік концертіміз шәкірттердің шынайы ықыласынан туындаған әсем ән мен тәтті жырға, мың бұралған би мен «Уақыт» қадірін түсіне білген, түсіндіре білген жас әртістеріміздің толғауларына ұласты. Қадірменді зейнеткерлерімізге басшымыз Алмагүл Тілектесқызынан бастап бар ниетімізбен құрмет көрсетуге атсалыстық. Ардагерлеріміз аналық, әкелік жүректерінен шыққан алғыстарын жеткізді. «Осындай заман талабына сай, заманауи мектепте білім алып, тәрбие көріп жатқан сіздер бақыттысыздар, балалар. Мектепте балалардың оқуы үшін де, демалысы үшін де, бос уақытын тиімді пайдалану үшін де жағдай жасалыпты. Енді тек білім алып, мектеп абыройын көтеріңіздер!» - деген игі тілектер айтылып, баталарын берді.

Қарттар күніне арналған концерт
Мектеп ауласында оқушылар, күзгі жапрақтардан ағаштарды және көпжылдық егілген гқлдер орындарының учасклерін тазалады.