Меню KDT

Новости

Главная Новости

27.09.2019

«Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі»

Экология айлығының өтуіне байланысты 9 «А» сыныбында «Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі» тақырыбында сынып сағаты өтті.Сынып жетекшісі: Бигожина Б.О. Мақсаты: табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Сынып сағатын оқушылар ұйымдастырды. Оқушылар топқа бөлініп, топтық жұмыстар жүргізді.Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,оларды патриоттық сезімге тәрбиелеу- біздің парызымыз.

27.09.2019

Өлең сөздің патшасы-сөз сарасы

2019 жылдың 27 қыркүйегінде "Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл" толуына байланысты "Өлең сөздің патшасы-сөз сарасы" атты мәнерлеп оқу номинациясы өтті.

27.09.2019

Қызылша мен қызамықтан қорғанудың жалғыз тәсілі-вакцинация жасау

Қызылша мен қызамықтан қорғанудың жалғыз тәсілі-вакцинация жасау

27.09.2019

«Ұлы халықтың- ұлы Абайы»

26.09.2019 жылы №63 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі мұғалімдері Хаусова Кымбатгуль Бауржановна, Жулубаева Гулдана Алпысбайқызы мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зайдильдинова Айсулу Жумашевнаның ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған «Ұлы халықтың- ұлы Абайы» атты апталықтың жабылу салтанаты болып өтті. Кеште Хәкім Абайдың шығармашылықтарын оқушылар көпшілікке паш етті. Кеш барысында ұлы ақынның қара сөздері, әндері айтылып, марапаттау жұмыстары жасалды. Осы апталық барысында белсене қатысқан оқушыларға дипломдар беріліп, ерекше көзге түскен оқушылар сыйлықтармен марапатталды.

27.09.2019

Президент жолдауы

Нұр-Сұлтан қаласы №65 мектеп-гимназиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиынға 465 оқушы қатысты. Мектебіміздің директоры Н.Ж.Елекеева жиынды ашып, өз сөзінде «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі : 1) Білім беру сапасын жақсарту. 2) Отбасы және бала институтын қолдау» жөніндегі тармақшаларға тоқталып өтті. Сондай-ақ жиынға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң ғылымдарының кандидаты,доцент Османова Динара Бақтиярқызы және Phd докторант Капсалямова Сауле Серикбаевна І. Заман талабына сай тиімді мемлекет , II. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тармақтарына тоқталып, кеңінен ашып айтты. Кездесу соңында мектеп оқушылары көкейлерінде жүрген, қызықтырған сұрақтарын қойып, өз сұрақтарына нақты жауап алды.

27.09.2019

«Мемлекеттік тіл-рухани жаңғыру тілі» атты мереке өтті

Нұрсұлтан қаласы №60 мектеп-лицейінде қыркүйек айының 18 күні Қазақстан халқы тілдерінің ХХI фестивалі аясында «Мемлекеттік тіл-рухани жаңғыру тілі» атты  мерекенің ашылу салтанаты өтті.Күй ойналып, домбыра тартылып,би билеп және  оқушыларымыз өз туған  қазақ,түрік,ұйғыр,татар,орыс тілдерінде құттықтау сөздерін бейнетаспа арқылы жеткізді. Осы мереке төңірегінде лицейімізде біршама іс-шаралар атқарылды. «Тіл-рухани қазына» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды.2-4 сыныптар арасында Абай Құнанбайұлының табиғат көрінісі бойынша суреттер салынды.5-6 сыныптар арасында «Өлең –сөздің патшасы,сөз сарасы...»мәнерлеп жатқа оқу байқауы өтті.Сонымен қатар 7-8 сыныптар арасында Абайдың қарасөздері жатқа мәнерлеп айтылды.9,10,11 сынып оқушылары А.Құнанбайұлының он тоғызыншы қарасөзіндегі естілік пен білімділік әдеби-дәлелдеме эссе жазды.Мұғалімдер арасында латын әліпбиі бойынша жазбаша жұмыс жүргізілді..10,11 сынып оқушыларымен А.Байтұрсынов латын әліпбиінің негізін салушы зияткерлік ойын өтті..Лицейіміздің кітапханасында «Тіл- рухани қазына» атты көрме ұйымдастырылды.Өзге де ағылшын,орыс тілі мамандарының ұйымдастырылуымен «Путешествие в страну языков» деген тақырыпта қызықты квест өткізілді.Оқушыларымыз қалалық байқауға қатысып, М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін жатқа мәнерлеп оқудан жүлделі I орынды Бондаренко Алина иеленді. Бүгін яғни 27 қырқүйекте Қазақстан тілдер мерекесінің жабылу салтанатты өтті.Болашақта үлкен тәрбиелік мәні зор осындай іс-шаралар лицейімізде өз жалғасын таппақ.

26.09.2019

«2019-2020 оқу жылында тарихты оқытудың өзекті мәселелері» облыстық семинарлар

2019 жылғы 24-26 қыркүйекте «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ тарих пәні мұғалімдеріне арналған  «2019-2020 оқу жылында тарихты оқытудың өзекті мәселелері»

26.09.2019

БІЛІМ АЛУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ЖАРЫС

2019 ж. 26 қыркүйек күні колледждің аймағында 1 және 2 курс білім алушылар арасында Халықаралық туризм күніне орай «МЕН ТУРИЗМ ШЕБЕРІМІН»  туристік жарыс өткізілді. Жарысқа 3 команда қатысты: «Горизонт», «Спарта», «Туристы».

26.09.2019

«Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасы

25 қыркүйек күні Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жастар жылы аясында белгіленген «Жас сарбаз» әскери – патриоттық қозғалысын қолдауға бағытталған «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасы бастау алды. Жобаның басты мақсаты: Елордамыздағы жасөспірімдердің әскери – патриоттық тәрбиесін дамыту!

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ және Нұр – Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен 2019ж. 25 қыркүйек ҚР Қарлы Күштері ұлттық әскери-патриоттық музейінде жобаның ашылусалтанаты өтті.

26.09.2019

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АЛТЫ АЛАШТЫҢ ҰСТАЗЫ

Осындай тақырыппен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және №48 мектеп-лицейімен бірлесе отырып  «Алаш алқасы» ғылыми-танымдық интеллектуалды жастар клубының кезекті жиынын өткізді. Жиынның бұл жерде өтуі де тегін емес. Іргелі оқу ордасы атауын Алаш қайраткерінің есіміне ауыстыруды талайдан қозғап келеді. Сонымен қатар ұлт ұстазының шағын мұражайы да осы мектепте орын тепкен. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың аты мектепке берілу мақсатында мектеп директоры мен ұжым ұзақ уақыт тер төгіп, еңбек етіп келеді. Кешегі мектепте өткізілген ғалымдар дәрісі соның бір дәлелі. Басшымыз Садыкова Зауре Жакановнаның тілегі орындалатынына сенеміз.