ПРОТОКОЛ № 1

заседания Попечительского совета

КГУ «ТОШГ им.С.Муканова»

от 22 сентября 2019 года

Присутствовали члены Попечительского совета: Шарипова Е.Р., Домащенко Т.В., Адам А.А., Дербеева Т.В., Мезембекова А.Х., Приходько А.В., Береский О.С., Тарасова С.С., Сергеева А.И.

Ознакомление с приказом Министра образования и науки Республики Казахстан № 355 от 27 июля 2017 года (с внесением изменений в приказ № 123 от 2 апреля 2018 года) «Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования»

Қазақстан халықтарының Тілдері күніне орай, №63 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Санитасова Қ.М., Рахимжанова А.Е., Күлбаева А.Е. ұйымдастыруымен қыркүйек айының 20 күні «Тіл - көңілдің кілті» тақырыбында 6-сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өткізді. Мақсаты: оқушыларды еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен дағдыландыру. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа баулу.

Оқушылардың шет тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар тіл білімі мен дағдыларын кеңейту, шоғырландыру және жүйелеу мақсатында «Елецкий орта мектебі» КММ-де Тілдер күніне арналған пән апталығы өтті.

Тілдер апталығы аясында "Қазақстан халықтарының достығын "фестивалі өтті
Аксеновке мектебінде Республикалық экологиялық сағат бағдарламасы аясында оқушылар мектеп алаңын абаттандыруға қатысты
Бұл туралы БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов хабарлады.

2019 жылғы 21 қыркүйек күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңесі отырысы өтті. Мектептің мақсаттары мен бағдарламаларын іске асыруда көмек көрсету, мектеп қызметінің нәтижелігін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында құрылған қамқоршылық кеңес 2018-2019 оқу жылында көптеген жұмыс жүргізді. Тлектес Сайхатановна Шингужинованың басшылығымен қысқа мерзім ішінде кеңес жұмысы мақсатты, әрі нәтижелі болды. Барлық атқарылған жұмысқа сараптама жасалып, Т.Шингужинованың төрайым қызметінің тоқтатылуы туралы шешілді. Ашық дауыс беру жолымен бірауыздан Атахан Усманханович Абдижалилов төраға болып сайланды. Кеңес құрамы жаңартылып, мектеп ата-аналары Гульбакыт Тохтаровна Нургалиева, Анар Сериковна Бибосынова қатарға қосылды. Еліміздің дамуына зор үлесін тигізіп жатқан қамқоршылық кеңесінің мүшелері біздің мектептің дамуына да үлкен үлестерін тигізетіндігіне сенімдіміз! Атахан Усманханович Абдижалиловты шын жүректен құттықтап, күш пен жігер, сәттілік тілейміз!

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

«Отбасы – алтын бесік», «Мектеп – алтын ұя». Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде мектеп ата-аналарына арналған жаңа оқу жылындағы алғашқы «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Алғашқы бөлімінде мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы мектептің 2019 жылғы бюджет қаражатын бөлу туралы есеп берді. Сондай-ақ, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мен әлеуметтік педагогтар тарапынан 2019-2020 оқу жылына арналған мектептің жұмыс жоспарымен таныстыру: білім сапасы, жаңартылған білім мазмұны, кластер жұмысы, тәрбие жұмысы, жетістіктер мен мәселелер, "Жалпылама білім беру" қорының қаражатын пайдалану, "Мектепке жол" акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларына көмек көрсету мәселелері төңірегінде баяндама жасалып, ата-аналар назарына ұсынылды.

«Ашық есік күнінің» екінші бөлімінде мектептегі «Қосымша білім беру» бағытында үйірмелер мен спорттық секциялардың, мектебімізде биыл ғана ашылған IT, гидропоника аймақтарының жұмыстарымен және заманауи биология кабинетімен, STEM-лаборатория кабинетімен, «Мәуленов мұражайымен», асхана қызметімен таныстыру мақсатында ата-аналармен бірге мектепке экскурсия жасалды. Айта кетерлік тағы бір жаңалық, Рухани-жаңғыру аясында мектебімізде мұғалімдер мен оқушылардың күшімен жасалып, жинақталған этнокешеннің тұсауы кесілді. Ата-аналарымыз дәстүрлі ән, хореография, домбыра, қазақша күрес, алыпсоқ, баскетбол, қолөнер сияқты үйірме жұмыстарымен етене танысты, туындаған сұрақтарына да жауап алды.

Мектебімізде дәстүрге айналып отырған «Ашық есік күні» әр ұйымдастырылған сайын өз жаңалығымен ерекшеленіп отырады. Бүгін де жұмыстарымыздың барысында ата-аналар тарапынан ұялы телефондар арқылы сауалнама ұйымдастырылып, кері байланыс жасалды.

«Қымбатты ата-аналар, сіз бен біз бір баланы оқытып, тәрбиелеп отырмыз. Үйде Сіздер, мектепте біздің тарапымыздан жағдай жасасақ, тәрбиелесек, нашар ұрпақ болмайды. Сондықтан, қашан да біз Сіздермен біргеміз», - деген ниетімізді жеткізе отырып, ата-аналарымызды шығарып салдық.

2019 жылдың 21 қыркүйек күні Нұр-сұлтан қаласы №63 мектеп ұжымының география, физика, математика, информатика, тарих мұғалімдері бірлесіп «Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері» атты семинар өткізді.

Мақсаты: Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімнің әр сабақта қалыптастырушы бағалауды кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отыруына ықпал ету,тәжірибе алмасу.

Семинар барысында мұғалімдер қалыптастырушы бағалау бойынша өз ой-пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты. Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін ұсынды: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Бес саусақ», «Бағалау ағашы», «Мадақтау сэндвичі», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болатынын атап өтті. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болатынын география мұғалімі Галижапарова Э.Қ ұсыныс жасады.

Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталатынын физика мұғалімі Абдукаримова П.С атап өтті.

Семинардың нәтижесінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде жинақ құрастырылады. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болады. Жинақта бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады. Жинақтың ұсынылған сипаты білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіне, бейімделуіне мүмкіндік береді.