<p>Мағжан Жұмабаевтың оқуларын іске асыру барысында 2019 жылғы 17 маусым жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Республикалық Мағжан оқулары Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, оқушылар Мағжан оқуларының республикалық кезеңі өткізілді. Мағжан оқуларына Республиканың барлық өңірлернен 50 тарта дарынды оқушы қатысты.</p>
13 маусым күні №3 мектеп-гимназиясында SummerChallenge-күні өткізілді. Бұл күні балалар Digital-лабараторияда қоршаған ортаның ластану мәселелері тақырыбында ермексаздан мультфильм құрастырды. Мультфильм сценарийлерін әр жастағы оқушылар жазды. Қазақ тілі, ағылшын тілі, өзін – өзі тану үйірмелерінде қатты қалдықтарды сұрыптау тақырыбында сабақтар өтті. «Эко-Патруль» жасағы «Earth is our home» ағылшын тілінде интерактивті сабаққа қатысты. Орта буын гимназияшылары оқушыларға тек ағылшын тілін пайдаланып отырып, тұрмыстық қалдықтардан әр түрлі бұйым жасауға көмектесті. SummerChallenge-күнінің соңында дизайнерлер мен модельерлер қолда бар заттардан жасаған киімдерін көрсетті. Лагерь 500 килограмнан артық макулатура жинады.
12 маусым күні біздің лагерге цирк келді. Балалар қызықты қойылым тамашалады. Кейін жасақтар арасында «Ең,ең,ең...» сайысы өтті.