Қаланы көгалдандыруға мектеп түлектері қатысып жатыр
<p>Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде 15-мамыр күні сағат 18.30-да ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс күн тәртібі бойынша бюджеттің орындалуы, мектептік оқумен қамту қаражатын пайдалану туралы мектеп басшысы Әзимбай Кәмила Кәрімбердіқызы ата-аналарға есебін берді. Оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастыруы бойынша оқу жылының қорытындысы, яғни білім сапасы, ҰБТ, жаңартылған білім мазмұны, кластерде жұмыстың жетістіктер мен проблемалары туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Балабекова Жадыра Буйтагалиқызы тыңдалды. Мектеп директоры К.К.Әзимбай түлектерінің бітіру кешін өткізу туралы да тоқталып, айтып өтті. Мектептегі көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету, мектепте тамақтануды ұйымдастыру, ақшасыз төлем жасау, ас мәзірі мен бейнебақылау туралы әлеуметтік педогог Ж.Т.Салимгожина мен бастауыш сыныптардың оқу ісінің меңгерушісі Л.Ж.Нүрпейісова есеп берді. Қамқоршылық кеңесінің жылдық есебі туралы Қамқоршылық кеңес мүшесі А.М.Құдайбергенова айта отырып, 2018-2019 оқу жылында жоспарланған және де алдағы уақытта жоспарланып отырған іс-шаралармен таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер соңында Қазақстан Республикасының БҒМ ұсынған «Бала қауіпсіздігі басты назарда», «Абай бол! Терезе...», «ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» бейнероликтері көрсетілді. Жиналыс соңында ата-аналар мектеп әкімшілігіне қызықтырған сұрақтарын қоюмен қатар, өз ризашылықтарын да білдірді.</p><p> </p>
<p>15-мамыр Халықаралық «Отбасы күні» мерекесіне орай 6-7 сыныптарда «Әке мен бала» арасында «Ұлы дала батырлары» туристік-эстафеталық жарыс өтті. Жарысқа жалпы он үш әке мен он үш бала қатыстырылды. Сайыс барысында әкелер балаларына арқанды орау, алғашқы көмек көрсету тапсырмаларында қолдау көрсетсе, балалары логикалық тапсырмаларды шешу мен эстафеталық жарыстарда өз шапшаңдықтарын көрсетті. 7 «Ә» сыныбынан Әбесуйт Амангелді баласы Нұрасылмен және Ақжігітов Данияр баласы Ердоспен «Үздік» деп танылып, Қамқоршылық кеңесі ұсынған кубок табысталды.</p>
Айтуар негізгі орта мектебінде 2019 жылғы 15 мамыр Халықаралық Отбасы күні мерекесіне орай ата-аналар жиналысы өтті.
15- мамыр Халықаралық отбасы күніне орай отбасы және отбасы құндылығы туралы түсініктерін - кеңейту мақсатымен Озерный орта жанындағы "Балапан"шағын орталығының тәрбиешілері Шартаева З.С. және Смагулова К.К. бүлдіршіндермен "Менің отбасым" тақырыбымен тәрбие сағатын өткізді
"Балапан" шағын орталығында "Отбасы-бақыт мекені" атты іс-шара өтті
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздіктерін қажетті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды
«Отбасы тәрбиесі -өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты жалпы ата-аналар жиналысы
15 мамыр күні мектебімізде жалпымектептік Ата-аналар жиналысы өтті.