Қ.Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 1-4 сынып аралығында сынып жетекшілері мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша тәрбие сағаттарын өткізді. 5- 11 сынып аралығында сынып жетекшілерімен бірге «Мұздағы қауіпсіздік шаралары мен тәртіп ережелері» тақырыбында АӘД пәні мұғалімі Амангелді Е.С. екі кезеңмен презентациялық сабақ өткізді. Оқушылардың қосымша қойылған сұрақтарына жауап берді.

Мақсаты: мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағұлмат беру, есту көру арқылы өзбетінше логикалық ойлау қабілетін арттыру.

Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, су ішінде қалуыңыз әбден мүмкін. Төтенше жағдайлар талдауы көрсеткендей, соңғы үш жылда біздің облысымызда мұз жарылып суға кету бойынша төрт қайғылы жағдай тіркелген. Соның салдарынан үш адам қаза болды. Өкініштісі, олардың арасында балалардың да болуы. Бұл жағдай ата - аналардың қарауынсыз қалу себебінен болып отыр. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлар кейін өкінішке ұласады.

Ескертулер айтылды:Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпаңдар. Қолдан жасаған салдарда, тақтайларда, бөренелерде және жүзіп жүрген мұздарда жүзбеңдер. Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер. Жарлы және жайылымды жағада тұрмаңдар - олар опырылып кетуі мүмкін. Көпірден, айлақтан сең жүргенін бақылап тұрсаңдар оның қанаттарымен, қоршауларынан ұстап иілуге болмайды. Егерде сендер өзенде және көлде бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңдар, естеріңді шығармаңдар, үйлеріңе қашпаңдар, дауыстап көмекке шақырыңдар, ересектер естіп, қауіпті жағдайдан алып шығуға көмектеседі. Су тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамаңдар, ол жерлерде ойнауға болмайды. Орларға, су қоймаларына, арналық есіктерге және құдықтарға жақын келмеңдер. Оқушылар, көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде сақ болыңдар.

Көктем мезгіліндегі мұз ең сенімсіз, ұсақ мұзды күн жылыған кезде және қыстың алғашқы жартысында күтуге болады. Ол ақ түсті және күңгірт сарғыш түсті болып келеді. Әсіресе мұз үстіне аяқ басқанда және жағаға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтап абай болу қажет.

Дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы»КММ «Қалалық классикалық гимназия» ММ базасында 2019 жылы 3 сәуірде Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиадаға біздің облыстың білім беру ұйымдарының 9,10,11 сыныптарынан 41 оқушы қатысты.

С целью выявления, развития и поддержки одарённых детей КГУ «Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования» на базе ГУ «Городская классическая гимназия им.С.Шаймерденова» 3 апреля 2019 года был проведён областной тур Республиканской олимпиады по казахскому языку и литературе имени К.Бiтiбаевой.

В олимпиаде принимали участие учащиеся 41 ученик из 9,10,11 классов организаций образования нашей области.

https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-barlyk-kalalarynda-inklyuzivti-synyptar-ashylady_a3513495
Қазақстанның барлық қалаларында инклюзивті сыныптар ашылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы «Болашақ» корпоративті қоры мен «Nur Otan» партиясы Қазақстан бойынша 20 инклюзивті сынып ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан тарихы бойынша Республикалық олимпиадада 1 орын («Үздік ғылыми жоба»). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Шәкірова Айгерім (жетекшісі Арсланова Р.А).