Меню KDT

Новости

Главная Новости

04.05.2019

Ауған соғысының интернационалист-жауынгері Абдрахманов Қазбек Үкібайұлының құрметіне арналған ескерткіш бұрышының ашылуы салтанатты түрде өткізілді

4 мамыр куні Нұр-Сұлтан қаласының №3 мектеп-гимназиясында Ауған соғысының интернационалист-жауынгері Абдрахманов Қазбек Үкібайұлының құрметіне арналған ескерткіш бұрышының ашылуы салтанатты түрде өткізілді.Бұл іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері департаментінің өкілдері, қаруластары, сыныптастары, мектеп ұстаздары, «Ауған жауынгерлері» клубының мүшелері, Абдрахманов Қазбек Үкібайұлының жақын туыстары қатысты. Ескерткіш тақтасының ашылу салтанатының жоғары деңгейде өтуіне №13 орта мектебінің арнайы мамандандырылған «Жас сарбаз» кадет сыныптарының оқушылары, армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері ат салысты. Іс – шара соңында қонақтар мен мектеп оқушылары мектеп ғимаратындағы ескерткіш бұрышының ашылу рәсіміне қатысты.

04.05.2019

"Үш тұғырлы тіл" атты сыныптан тыс іс- шара

Озерный орта мектебінде іс- тәжірибеден өтуші Жанбакова А.А. мамырдың 4-сі 7 және 8- сыныптарда "Үш тұғырлы тіл" атты сыныптан тыс іс- шара өткізді. Іс- шараның жоспары: "Мақал - мәтелдер мәйегі", "Ана тілі- білімнің кілті" ( викториналық сұрақтар), с"йкестендіру тесті, "Бәйге", "Жорға", "Авторлық орындық" .

04.05.2019

Мен және менің отбасым

"Отбасы сағаты" атты республикалық акция аясында "Мен және менің отбасым" шарасы өтті.

04.05.2019

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздіктерін қажетті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды

<span style="font-family:'times new roman', times, serif;font-size:14pt;">2019 жылғы 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) ХХІV отырысы өтті.</span>