"Жас Интеллектуал" математика пәні олимпиадасыныңда 4 «Ә» сынып оқушылары Іңкәрбай Әбілмансұр 2 дәрежелі дипломмен, Абилов Таир 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Өтениязова Қарлығаш Орынбаевна. Құттықтаймыз!
15 наурыз күні мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары Наурыз мерекесіне орай «Оқушылар сарайында» ұйымдастырылатын би кешіне қатысты.
Астана қаласы білім беру мекемелерінің 3-4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткен "Алтын сақа" олимпиадасында мектебіміздің 4 «Ә» сынып оқушысы Абилов Таир 1 орынға, Іңкəрбай Əбілмансұр мен Токанов Алибек 3 орынға ие болды. Жетекшісі: Өтениязова Қарлығаш Орынбаевна. Құттықтаймыз!
19 наурыз күні мектебімізде дәстүрлі рейтингтік саптүзеулер өтті.Тоқсан бойы өткізілген интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық сайыстар мен түрлі олимпиадаларда мектебіміздің намысын қорғап, жүлделі орынға ие болған оқушылар марапатталды. 3 тоқсанның қорытындысы бойынша Миронова Мария Михайловна жетекшілік ететін 10 «Б» сыныбы «І ауысымның үздік сыныбы» атағын сақтап қалды. Сондай ақ, әр сыныптың үздік оқушылары марапатталды.
17 наурыз күні 5 «Б» сынып оқушысы Наношкина Алина «Созвездие» ансамбілінің құрамында «Латын синхроны» номинациясында Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Құттықтаймыз!
2019 жылдың 19 наурыз 5-11 сыныптар аралығында Наурыз мейрамы тойланды.<br /> Наурыз барша исі мұсылман халықтарының Жаңа жыл мерекесі. Мектепте барлық ұстаздар, оқушылар ұлттық киімде болды.
Наурызды мерекелеу барысында Новомихайловка ОМ 5-6 сынып оқушылары арасында наурыздың 18-19-ы "Асық", "Тоғыз құмалақ" ұлттық ойындарының өткізілді.
19 наурызда "Арай" шағын орталығының тәрбиеленушілері "Наурыз келді" мерекелік іс-шарасы өткізілді.
19.03.2019 күні Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.