5 в, г, е сыныптарының «Алғысым шексіз» акиясы бойынша ұйымдастырған шарасы. Сынып жетекшілері: Қамар Нұрланқызы, Сайран Оразбекқыз, Ділбар Боранбайқызы.

1-наурыз «Алғыс айту» күніне байланысты мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы «Алғысым шексіз» тақырыбында алғыс айту бұрышын ұйымдастырды. Онда мектеп оқушылары Отанға, елге, ата-аналарына, ұстаздарына, достарына және басқа да адамдарға өз алғыстарын білдіріп, тілектерін жазды.

27.02.19 ж мектебімізде барлық балабақша,сонымен қатар 1-4 сынып оқушыларына арналған қуыршақ театры өткізілді.
Мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің елім Қазақстан!» атты патриоттық ән байқауы өткізілді.
Мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Астанам,өнерімді саған арнаймын» атты сурет байқауы өткізілді.

Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында 27 ақпан күні «Өмірге ия деп айт!» акциясы барысында мектеп психологтары Куспанова Ш.Ж., Елубаева А.К. жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, оқушы жастардың салауатты өмір салтын және психологиялық денсаулықты нығайту дағдыларын қалыптастыру мақсатында 9 сынып оқушылары арасында психологиялық тренинг сабағы жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті 2016 жылдың 14 қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен елде жаңа мерекенің енетінін жариялады. Яғни 1-наурыз Қазақстан халықтар Ассамблеясының құрылған күні «Алғыс айту» күні болып белгіленді. Қазақстан халықтар Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Елбасы осынау мейрамды Қазақстанда жыл сайын атап өтіп отыруды ұсыныс етті. №38 мектеп-лицей оқушыларына аталған мерекенің маңыздылығы тәрбие сағаттарында айтылып, сурет көрмелері мен шығармалар сайыстары ұйымдастырылуда.

23-ақпан күні «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұраны негізінде Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Бас Ассамблеясының Қарарына сәйкес 1-наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі Бекжан Құрманғазы Жамбылұлы №38 мектеп-лицей қызметкерлерін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет пен өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, видео ақпарат көрсетті.

Ауған соғысының аяқталғанына тура 30 жыл. Астана қаласы №38 мектеп-лицейі осы айтулы шараға орайластырылып, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді. 10 жылға созылған соғыстың құрбандарын еске алып, ерлікпен оралған ауғандықтарды құрметтеу үшін Баренов Ерлан Рускалиевич, Баренов Ербол Рускалиевич, Ильченко Владимир Леонидович, Оспанов Жанайдар Советович арнайы шақырылған меймандар қатарында болды.

Кездесу барысында мектепоқушылары ауған соғысы ардагерлеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.Ардагерлер де өз тараптарынан сынып оқушыларына батырлық ерлік туралы кітап пен ту, төсбелгілер табыстады. Кездесу соңында оқушылар ардагерлермен естелік суреттерге түсіп, қолтаңба алды.