«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен қаңтар айының 26-жұлдызында өткен қалалық «Дала өрнектері» би байқауына мектебіміздің мың бұрала би билеп, сахна сәніне айналған «Айкөркем» би тобы қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Биді өнеріміздің бөлінбес бір бөлшегі, өміріміздің көркем өрнегі ретінде және оның жаңа билермен жарқырап жайнай түсуіне, адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезінуіне ықпал етіп жүрген топ жетекшісі Ахметова Роза Әсілханқызына тек шығармашылық табыс тілей отырып, ұлттық өнеріміздің ғұмыры ұзағынан болғай деген тілек білдіреміз!

Математика, физика және информатика пәні апталығы
Кәмелетке толмағандар арасында қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу

Хабарландыру!
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР
Астана қаласы С.Мәуленов атындағы #37 орта мектепте 2019 жылдың қаңтар айынан бастап "МЕКТЕП ЕРІКТІЛЕРІ" отряды құрылуда. Еріктілер қатарына 5-7 сынып оқушылары ата-аналар рұқсатымен анкета толтыру арқылы қабылданады. Отряд құрудағы мақсатымыз оқушылар арасында қоғамдық мәдениетті қалыптастыру және дамыту. Қосымша мәліметтерді 8 775 664 67 09 (Аға тәлімгерден) немесе мектеп президенті Аймахан Нұрболдан біле аласыздар.

мақсаты: Ауыр өнеркәсіптің басты саласының бірі- металлургия. Ол екі саланы-қара және түсті металлургияны қамтиды. Металлургия зауытында кен өндіру және қорыту жұмыстары іске асырылатыны жөнінде түсінуге, толық меңгертуге жұмыстар жасау арқылы оқушыларға білім беру, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын дағдыландыру арқылы, пәнге қызығушылығын арттыру.
Коньки тебу спорты бойынша "Дені саудың-жаны сау" эстафетасы.
24 қаңтар Николаевка ауылында Алматы және Николаевка ауылдық округтерінің жастары арасында волейболдан жолдастық кездесуі өтті.
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».
Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы шеңберінде "Балапан" шағын орталығының бүлдіршіндері "Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны" тақырыбында суреттер салды.
"Ғажайып информатика әлемі" атты иформатика пәнінен 7-9 сыныптар арасында сыныптан тыс іс - шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
27 -ші қаңтарда Халықаралық интернетсіз күніне орай, 25-ші қаңтар күні "MEH OFFLINE" атты ауқымды науқан өтті. Бұл күні балалар да, ұстаздар да ұялы телефонсыз келіп, күні бойы желі құралдарын қолданбады. Науқанның соңында барлығы бір күндік әсерлерімен бөлісті. Осылайша, жұма жақсылығымен баршада оң әсерін қалдырды.