Меню KDT

Новости

Главная Новости

23.02.2019

«Жастарды  қолдау-жарқын  жолды  таңдау»

Мәдениет майданындағы сүбелі істің бірі - театр,кино... Бүгінгі  күні театр, кино әлеміне жұртшылықтың сұранысы ерекше артып келе жатқаны көңіл қуантады. Осыған орай ақпан айының 23-ші  жұлдызында еліміздің  абыройын асқақтатып жүрген театр және кино  актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері -Дәурен Серғазин,Астана қаласы «Жастар» театрының  негізін  қалаушы, кино  және театр актері – Бахыт  Бахтанұлы  мектебімізде  қонақта  болды. Кешті  мектеп  директоры Зауре Жақанқызы ашып, құрметті  қонақтарға  жылы лебізін  білдірді. Осы  кездесуді  асыға күткен жоғарғы  сынып  оқушылары өздерінің  көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Құрметті  қонақтарымызға мектеп әкімшілігі, ұстаздар тарапынан да сұрақтар қойылды. Мектеп  директоры Зауре Жақанқызы, құрметті  қонақтарымыз Дәурен Серғазин,  Бахыт Бахтанұлы өз өнерлерін  тарту етіп те кештің  сәнін  кіргізді. Құрметті  қонақтарымыз адам жанының  айнымас серігі - өнер әлемінің өте күрделі  екенін, шеберлік пен шығармашылық, білім, білік, керемет  еңбек керек  екенін шынайы айтты. Әр жас мамандықты дұрыс, жүрекпен таңдау да басты бағдар екенін ұқты. Білікті, шығармашыл мамандар, білімге құштар жас ұрпақ еліміздің  дамуының басты индексі екенін жеткізу кештің басты  мақсаты еді. Кеш  жүргізушілері 11 «В»  сынып оқушысы Ержуманов  Руслан мен   9  «Ә» сынып оқушысы Шайхстамова Диана  өздерінің  шеберліктерін  танытты. 10 «А » сынып  оқушылары Айдарбек Аружан мен Исмагулова Мая  күй  тартып, 9 «Е» сынып  оқушылары  Асмагиева Зейнеп, Айтеева Алина тамаша ән  тарту етсе, 9 «Ә », 9 «Г » сыныбының бишілері Әлкен Ақнұр, Ахметова Сана, Ахметова Далида, Исабаева Диана өз өнерлерін паш етті.

23.02.2019

«Театрдың ғажайып әлемі»

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және қабілеттерін қалыптастыру және дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске  асыру шеңберінде қалалық «Театрдың ғажайып әлемі» атты театрландырылған балалар байқауына қатысып  мектебіміздің «Қарлығаш» драма театры Мұхтар Шахановтың <em>«Отырардың  күйреуі»</em> тарихи драмасының қойылымын қойып  Бас жүлжені жеңіп алды. Қазақстанның көркемөнерінің қалыптасуына,   қоғамдық ой-сананың шарықтау шегі мен адами дүниетанымның жемісі болып табылатын театр өнерінің жоғары деңгейде дамуына  жастардың үлес қосып жүргені қуантады. Болмыс-бітімі әрқилы кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы мәңгілік сезімге толы бекзат өнердің қыр-сырын меңгере түсетін жастарымыз барда өнер әрқашан биік шыңдардан көрінетіні сөзсіз...<br />

23.02.2019

Жұлдыздардың жарқырауы

22 ақпан күні 5 айға жалғасқан дәстүрлі «Жұлдыздардың жарқырауы» байқауының орта буын оқушылары арасында финалы өтті. Өнерімен қазылар алқасын таңқалдырып, үздік шыққан оқушылар: Хореография жанры: Гран – При: Воднева Карина, Конысова Камила – 7 «Д» сыныбы 1 орын: Скаковская Алина – 5 «Г» сыныбы 2 орын: Колосовская Вероника – 7 «Е» сыныбы Көркем гимнастика: Гран при: Айдарова Алтынай - 5 «В» сыныбы Вокал жанры Гран – При: Рамазан Томирис – 5 «А» сыныбы 1 орын: Альтаева Ажара – 6 «Е» сыныбы 2 орын: Мустафина Айдана – 6 «В» сыныбы 3 орын: Пягай Влада – 6 «Б» сыныбы Ерекше жанр Гран – При: Пузанов Гордей – 6 «Г» сыныбы Гран – При: Омарова Жания – 5 «А» сыныбы 1 орын: Әбдірахман Жания – 5 «Ә» сыныбы 1 орын: Ерболат Дария – 7 «А» сыныбы 1 орын: Ғалымжан Әльазиза – 5 «Ә» сыныбы 1 орын: Келигов Керимбек – 5 «Е» сыныбы 2 орын: Ногаева Дилара – 5 «В» сыныбы 3 орын: Мейрамбекова Зинат – 5 «А» сыныбы

23.02.2019

Мұқағали оқулары

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңында №77 мектеп – гимназиясында өткізілген дәстүрлі Мұқағали оқуларында 2 орын орын алған №3 мектеп – гимназиясының өнерпаздарын, жетекшісі Макишева Забира Мажикеновнаны құттықтаймыз!

22.02.2019

Көркем өнерпаздар байқауы Смотр художественной самодеятельности

2019 жылдың 22 ақпан күні "Кирилловка орта мектебі" КММ-де көркем өнерпаздар байқауы өтті.<br />22 февраля 2019 года в КГУ "Кирилловская средняя школа" прошел смотр художественной самодеятельности

22.02.2019

Республикалық өзін-өзі тану онкүндік

22 ақпанда "Новомихайловка ом" КММ "Өзін-өзі тану:махаббат пен шығармашылық педагогикасы"республикалық онкүндігінез арналған іс-шаралары өтті.Өзін-өзі тану мұғалімдері Н.В.Бентя мен Л.М.Ярмак 1-4 сыныптардың ата-аналарымен "Отбасы-махаббат"тақырыбында өзін-өзі тану сабағы құрылымы бойынша ата-аналар жиналысын өткізді.Олар онкүндікті 5-11 сынып оқушыларына арналған "Мейірімділік біздің айналамызда"тақырыбында салтанатты және тақырыптық кешімен аяқтады.