Сабақ жоспары Физика 8 сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Мектеп: «Ақтас негізгі мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Омарова А М

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;

Сабақтың мақсаттары

- Электр тогының жылулық әрекетін сипаттау.

- Джоуль-Ленц заңының физикалық түсіндіру;

- Джоуль-Ленц заңын есеп шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

- Электр тогының жылулық әрекетін сипаттайды;

- Джоуль-Ленц заңының физикалық түсіндіреді;

- Джоуль-Ленц заңын есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

- әртүрлі энергия түрлерінің электр энергиясына түрленуін сипаттайды

- электр станцияларының түрлерін атайды

- ұлттық, өндірістік және аймақтық мақсатта қолданылатын электр станциялары туралы айтады.

Құндылықтарды дарыту

- Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған..

Пәнаралық байланыстар

Формулаларды түрлендіру мен және есптер шығарғанда математика пәнімен байланыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Тоқтың жұмысы мен қуаты.

Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының психологі Алия Амиржанқызы Ташкина 6"а" сыныбымен "Жаңа жоба қорғау" атты тренинг өткізді. Тренинг өткізу барысында оқушылар әртүрлі бірлікке, достыққа жетелейтін тапсырмалар орындады. Тренинг оқушылардың көңілінен шықты
Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында өзін-өзі тану пәнінен "Мен әлімді сүйемін" атты ашық сабақ өткізілді. Өткізген пән мұғалімі А.А.Айнабаевна. Ашық сабақ барысында мұғалім оқушыларды топқа бөліп, әртүрлі қызықты тапсырмалар берді. Сәтті өткен тыныштық сәті оқушылардың көңілінен шықты.
2019 жылғы 20-21 ақпанында "Болашаққа жол өзіңнен басталады" семинар-тренингіне қатысқан 10 "А" сынып оқушылары арнайы тренингтен сертификатпен оралды.
16 ақпанда №14 МГ Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Ақпан айының 20-шы жұлдызында 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Ауылым – алтын бесігім» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейтіп, туған Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында «Ақ тілек. Әсем күлкі» тренингі өткізілді. Сынып түймедақ гүлінің күлтелерін таңдау арқылы Ақсуат, Құрғақкөл топтарына бөлінді. Ауыл мен қаланың ұқсастығы мен айырмашылығына байланысты Венн диаграммасы толтырылды. Мұғалім Бексейіт ауылының құрылуы, тарихы туралы біршама өнімді мәліметтер беріп өтті. Талантты, мектептің әнші баласы Амандық Мәлік «Ауылым-әнім» әнін тамылжыта шырқады. «Ауылымның келешегі – менің болашағым» тақырыбында оқушылар болашақта ауылына жасайтын жақсы, қайырымды істері туралы күлтеге жазып, түймедаққа ілді. Мұғалім өте жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, смайликтер сыйлады. Оқушылар ауылын сүйетін патриот боламыз деп уәде берді.

Мектепте оқыту сапасын жақсарту мақсатында Lesson Study бойынша жұмыс жалғасуда.

3-сыныпта Нұрғожина Адиля Сапарғалиқызының жетекшілігімен «Рахмет сіздерге» акциясына арналған «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Бұл ашық тәрбие сағатының тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке баулу, жақсылық жасауға, қайырымды болуға шақыру; әркімнің жасаған жақсылығын бағалай біліп рахмет айтуды үйрету.

Оқушылар өздерінің кішкентайлықтарына қарамай жақсылық жасаудың, қайырымдылықтың, мейірімділіктің мән мағынасын терең түсінетіндерін білдірді, жақсылық пен жамандық тақырбында постер жасап, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындады.

Адамның бойындағы жақсы қасиеттері жайлы әдемі өлеңдер оқып, қойылым қойды.

Ашық тәрбие сағаты «Рахмет сіздерге» атты флешмобпен аяқталды.