<p>ІІ маусымның ашылуына орай өткізілген салтанатты жиын лагерь басшысы Кажуева Айслу Хайргелдіқызының құттықтау сөзімен басталды. Ашылу салтанатына орай ҚР Әнұраны орындалды. Оқушылардың музыкалық сәлемінен соң, ІІ маусым лагерінің жоспарымен таныстырылды. Атап айтқанда «Спорт – денсаулық кепілі» - әртүрлі спорттық жарыстар, «Көңілді әуен толқынында» атты флешмоб байқауы, «Туған жерім – табиғаттың қандай көркем» - асфальтқа сурет салу іс-шаралары өтеді. Сауықтыру – демалыс лагеріне барлық жағдай жасалған. Тәрбиешілер мен тәлімгерлер де өте жауапкершілікпен жұмыс жасайды. Салтанатты жиын күмбірлеген күй мен әсем әнге ұласты.</p>
«Күншуақ» балалар лагерінде 2 маусым басталды. Күніміз таңғы жаттығу жасаудан басталды. Кейін кинотеатрда 3Д форматында мультфильм тамашаладық. Спортпен айналыстық, ағылшын тілімізді жетілдірдік. Күніміз көңілді өтті.