5-8 қараша күндері Астана қаласында Халықаралық «Қазақстан раушандары» хореография өнерінің фестиваль – сайысы өтті. Біздің мектебіміздің «Наурыз» ансамблі 4 жас аралығындағы топта (15-19 жас) 2 дәрежелі лауреат атанды. Құттықтаймыз!
ЖҚТБ айлығының аясында 5,6 сыныптарда "ЖҚТБ туралы не білеміз?" деген сынып сағатын сынып жетекшісі Бельгубаева Г.А өткізді.

Сыршыл ақын, тұлға Баянғали Ғалымжанұлымен кездесу өтті. Кездесуге 8,9 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Бұл кездесу балалардың ойында ұзақ сақталатыны хақ. Оған оқушылардың алған әсері куә. Ақынмен кездесу адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы, сезімі өте құнды екенін түсіну бағытында болды. Ақынға қойылған сұрақтар мен жауаптардың шынайылығы жиналғандарды тебірентті. Ақынның өз тұлғасы үлгі тұтарлық аса қадірлі жан болуы да балаларға үлкен әсер берді. Кездесу рухани баюға, өзінде барды ардақтай білуге үйретті. Кездесуді ұйымдастырған қазақ тілі пәні ұстаздары Момынқұлова Алтын мен Тілейхан Мәншүк ұстаздарға алғыс айтамыз.

7,8 сыныптарда "Акробатика"атты дене шынықтыру сабағы өткізілді. Сабақ барысында сабақтың əр кезеңі сақталды. Оқушыларымыз жалпы дамыту жаттығуларды орындап, денелерін акробатика элементтеріне дайындап, мұғалімнің жетекшілігімен акробатиканы орындады.
Міне, «эко челлендж» жеңімпаздары, 8"А" сыныбы 1 жәшік алма ұтып алды, бүгін, біздің мектеп басқармасы және директорымыз қолдарына сыйлықтарын табыстады! Осы сайысқа қатысқан оқушыларға раxмет!

Астана қаласы, Оқушылар сарайында өткен Республикалық ән-би байқауы