Күзгі бал

«Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты 1-11 сыныптар сайысы 22-26.10.2018 жыл аралығында өткізілді.
Ерекше өнерімен тәнті еткен оқушылар бас жүлдемен марапатталса, «Көрермен көзайымы»,
«Ең сәнді үлгі» номинациясымен көздің жауын алар образдармен қатысқан оқушыларға табыс етілді.

25.10.2018ж. №84 мектеп-лицейінде Есіл ауданы мектептерінің ұланбасылары мен жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен үлкен іс шара ұйымдастырылды. Салтанатты сап түзеумен басталған жиынға Есіл ауданы әкімдігі мен Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері қатысты. Құттықтау салтанатынан кейін қонақтар екі тарапқа бөлініп, жоғарғы сынып оқушылары «Заманауи ұстазды қалай елестетемін?» тақырыбында эссе сайысына кіріссе, Ұланбасылар TEDх-клубының ашылу салтанатына қатысты. Бұл Елбасының Халыққа жолдауында айтылған ұстаз мәртебесін көтеру және НЗМ-нің оқу үрдісінің жаппай барлық мектептерде жүргізілуін қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш шара Есіл ауданы әкімі - Закарьянов Тулеген мырзаның ұйытқы болуымен өткізілді.

Жоғарғы сынып арасында, екі тілде ұйымдастырылған эссе байқауына Білім беруді жаңғырту орталығы қаламыздың үздік тіл мамандарын әділ қазы ретінде шақырды. Байқау қортындысын күзгі демалыс аяқталған соң жариялау туралы шешім қабылданды.
№84 мектеп-лицейінің TEDх-клубы мүшелері қала мектептері Ұланбасыларын өз жұмыс жоспарларымен, тың ақпараттарымен таныстырды. Қатысушылар клуб жұмысын жоғары бағалап, өздерін қызықтырға сұрақтарына жауап алды.

Дұрыс тамақтану жолдары

"2017-2022 жылдары Астана қаласының білім беруін дамыту бағдарламасын" жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 24 қазанында Астана қаласы әкімдігінің "Көпбейінді колледжі" МКҚК негізінде Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы "Педагогикалық тәжірибе және инновация" тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру саласы педагогтарына арналған қалалық ииновациялық семинар ұйымдастырды.