Шу ауданы, Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері аясындағы серуен 2025 жылдың 11 маусымы күні "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері тәрбиеленушілері Шу ауданы, Төле би ауылындағы М.Жүнісәлиев атындағы саябаққа серуенге барды.

Серуеннің мақсаты – балалардың жазғы демалысын көңілді өткізу, табиғат аясында белсенді демалуын қамтамасыз ету, жағымды эмоциялар сыйлау.

Балалар саябақтағы батутқа секіріп, әртүрлі ойын құралдарымен ойнады. Олар үшін арнайы ұйымдастырылған көңіл көтеру аймағында түрлі ойын-сауық шаралары өтті. Балалар шынайы қуанышқа бөленіп, белсенді демалыс пен достарымен бірге өткізген уақыттан зор ләззат алды.

Серуен барысында тәрбиешілер қауіпсіздік ережелерін сақтап, балалардың жақсы демалуына жағдай жасады. Күн әсерлі әрі есте қаларлықтай өтті.

Мектеп өмірі: білім,тәрбие,табыс тақырыбында мектептің тыныс тіршілігіне баяндама

«Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!»

Халықаралық жастар байқауы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп, 10-25 жас аралығындағы өңір жастарын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!».

Байқаудың үш номинациясы бойынша жұмыстар – «Үздік сурет», «Үздік плакат» және «Үздік бейнеролик» 2025 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.

Ел қатысушылары дайындаған конкурстық жұмыстарды іріктеуді агенттік таңдаған ұлттық Конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Халықаралық байқау ережелері ресми сайтта қол жетімді https://www.anticorruption.life/.