Лагерьдің екінші күні балаларды қабылдап, таңғы жаттығулар жасатып, «Отанды сүю-жүректен!» атты сурет байқауы өтті. Балалар Отанға деген сүйіспеншілігін сурет арқылы білдіріп, салды.

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 3 маусым "Балауса - 2025" жазғы алаң лагерінде "Ашық аспан аясында" тақырыбында мектеп кітапханашысы оқу сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: Білім алушыларды кітап оқуға тарту, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Білім алушылардың кітап оқуға қызығушылықтары арта түсті. Кітап - адам баласының баға жетпес құндылығы жайында білім алушыларға түсіндіріп өтті.
📍 «ЖАС САРБАЗ» біркүндік шатырлы лагері
📅 2025 жылғы 3 маусым
🏫 “Новоишим қазақ орта мектебі”
📍 Ғабит Мүсірепов ауданы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектебімізде «Жас Сарбаз» біркүндік шатырлы лагері өткізілді. Бұл шара оқушылардың патриоттық рухын, азаматтық жауапкершілігін және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
🔰 Лагерь бағдарламасы аясында:
• Әскери-спорттық ойындар мен кедергілер жолағы
• Топта жұмыс істеу және көшбасшылық бойынша тренингтер
• Бастапқы әскери дайындық сабақтары
• Мемлекеттік рәміздер, экология және қауіпсіздік туралы сұхбаттар
• Алғашқы көмек көрсету және жергілікті жерде тәжірибелік тапсырмалар
🌿 Бұл лагерь – төзімділік, достық пен тәртіп мектебі болды.
Оқушылар маңызды білім алып, күш-қуат жинап, жарқын әсер алды!
📸 Ұйымдастырушыларға, ұстаздарға және барлық қатысушыларға белсенділік пен патриоттық рухтары үшін үлкен алғыс білдіреміз!
#Біртұтастәрбие #ЖасСарбаз #солтүстікжаз2025 #НовоишимҚазақОртаМектебі
Итоги учебного года с министром просвещения Гани Бектаевичем Бейсембаевым