2025 жылғы наурыз айының 7-ші жұлдызы күні мектебімізде, мектептің өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесе отырып, Халықаралық әйелдер күніне арналған жалпы мектептік мерекелік концерт өткізілді.
Көктем тамаша мереке – Халықаралық әйелдер күнімен басталады. Бұл күні мейірімді, аяулы және ең сүйікті ұстаздарымызға, ата-аналарымыз бен әжелерімізге ерекше сөздер арналады. Нәзік жандыларымыз, аналар мен әжелерден біз қаншама қуаныш пен қамқорлық көреміз! Оларсыз күніміз мұншалықты жарық болмас, өміріміз мейірімге, жылулыққа, махаббат пен жарқын бояуларға толмас еді.
Амангелді атындағы орта мектебінде 30.04.2025 ж. 9 «А» сынып жетекшісі Турдалиева К.Д. ата-аналармен «Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру.
Міндеттері: ата-аналардың жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға деген ұмтылысын дамыту;
жасөспірімнің жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мазмұны мен тәсілдері туралы ата-аналардың түсініктерін кеңейтуге ықпал ету;
ата-аналардың жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырудың практикалық дағдыларын игеруіне ықпал ету
Қазақстанда 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Амангелді атындағы орта мектептің кітапханашысы «Отан қорғаушы ол қандай болу керек?» атты эрудиттік викторинасын өткізді.
Мақсаты: жас ұрпақты отансүйгіштік, азаматтық рухта тәрбиелеу, жасөспірімдердің назарын туған тарихына аудару, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде қызмет етуге қажетті қасиеттерді дамыту. Кітапханашы балаларға бұл күннің қазақ халқының ерлік шежіресі де, Отанға қызмет ету дәстүрі екенін және де рәміздерсіз еш бір мемлекеттік іс шаралардың өтпейтінін айтты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан үшін ерлікпен қаза тапқан, Отанын қорғаған даңқты жауынгерлердің есімдерін бірге еске алдық. Қазақстандықтар барлық майданда ерлікпен шайқасты. Шара барысында жас Отан қорғаушылар батылдық, ептілік, білімділік танытт. Викторина жасөспірімдерге осы тақырып бойынша білімдерін тексеруге және сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді. Балалар болашақта қай әскерде қызмет еткісі келетіні туралы өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.